Тақырыбы: Ересектер тобында өтілген дауыссыз К дыбысы
Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, сөздерді дұрыс оқу, сөйлем құрату арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі кеспе әріптер, слайдтар, суреттер
Барысы Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым, күнім дейтін.
Балалар мына мен оқыған өлең жолдарынан К дыбысы кездесетін сөздерді табыңдар. Ал енді барлығымыз осы өлеңді қайталайық.
КЕ КҮ КӘ
КІ КӨ КИ
КО КА КА
Ал енді барлығыымыз бірге буынды оқиық.
Келесі тапсырма сөз құра. Кесе, кітап, көйлек, киім, керемет.
Сергіту сәті К дыбысын қайда кездестірдік?
Көп сөйледі демеңдер,
Көкем менің кемеңгер.
Сыр айтады отырып,
Ойна! ойна! ойнай бер!
(Балалар К дыбысын естігенде қолдарын көтереді).
Жұмбақтар шеш.
Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ тереңдейтін.
(карта )
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап )
Енді ертегі Алдар көсе туралы көрсек. Ертегінің мазмұнын сұрау.
К дыбысы кездескен сөздерді табады.
Қорытынды.