Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова "Астана"
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Күләш Ахметова және Астана туралы түсінік беру. Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
а) Оқушылармен сәлемдесу назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Оқушыларды 3 топқа бөлу: І – топ, ІІ - топ, ІІІ - топ:
ІІ. Тұсау кесер
б) Үй жұмысын сұрау және бағалау:
С. Жүнісов Кімнің мекені жақсы?
І - топ: Мәтінді мәнерлеп оқу
ІІ - топ: Мәтінге сурет салу
ІІІ - топ: Мәтінді әңгімелеу.
в) Өткен сабақты бекіту және жаңа сабақты хабарлау
ІІІ. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақты 1 тапсырма ребусты шешу арқылы бастаймыз.
Ребуста Астана, Алматы деген қалалардың аты шығады.
Оқушылар осы екі қала туралы білгендерін айтады.
Астана
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.
Енді, қазақ, бір - біріңді аяла!
Түбі бірге, түп қазыққа шоғырлан!
Алатауда қалды жылдар ең асыл,
Есілдің де жандай ыстық жағасы.
Жан даламның, -
Алматы мен Астана
Көздерінің ағы мен қарасы!
ІV. Сергіту сәті:
Қәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызды табайық.
V. Топтық жұмыс:
І - топ: Астана өлең шумағын мәнерлеп оқу.
ІІ - топ: Бәйтеректің суретін салу.
ІІІ - топ: Отан туралы мақал - мәтел жазу.
VІ. Қорытынды:
1. Астана өлең шумағын кім жазған?
2. Астана қандай қала?
3. Астана несімен басқа қалалардан көрікті?
А С Т А Н А
VІІ. Бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
VІІІ. Үй тапсырма беру:
Астана өлең шумағын жатқа айту.