Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түрлері. Сызықтық алгоритм.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
• Оқушыларға алгоритм түрлері туралы түсінік беру;
• Сызықтық алгоритм туралы;
• Атқарушы Бота туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық:
• Пәнге деген танымдық қабілеттерін дамыту;
• Оқушылардың қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік:
• Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу
• Тұлғаның әдептілік, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Программалық - дидактикалық жабдықталуы: дербес компьютерлер, мультимедиалық проектор, ОЖ, материалды көрсету үшін презентациялар, Атқарушы Бота ортасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Жаттығу жасату.
ІІ. Сабақтың өзектілігі (білу).
Мұғалімнің сұрақтары:
Есеп: Бөлменің қабырғасын сырла алгоритміндегі қатені тап.
1. Бояу мен бояу қылқаламын ал.
2. Бояу қылқаламына бояуды жақ.
3. Бояу қылқаламымен қабырғаны жүргіз.
4. Оңға қарай қадам бас.
5. 1 - номерден орында.* алгоритмді қай жазу түрінде көрсетуге болады?
* алгоритмдердің сөздік және кестелік жазу түрлері кім үшін құрылады?
* алгоритм жазылуының қай тәсілі ықшамды?
* блок - схема деген не?
* блок - схемада қандай графикалық фигуралар қолданылады?
* алгоритмді жазу түрлеріне мысал келтір
ІІІ. Жаңа түсініктер.(түсіну)
Мұғалімнің сөзі.
Алгоритм түрлерін атау. 1) Сызықтық алгоритм - бірнеше командалардың тізбектеліп құрылуы.
2) тармақталған алгоритм – бір немесе бірнеше командаларды таңдау.
3) циклдік алгоритм – шарттарға тәуелді немесе берілген шарт орындалғанға дейін командалардың қайталануы.
Сызықтық алгоритм құруда негізінен төмендегідей геометриялық пішіндер қолданылады.
Атқарушы Ботаның жұмыс жасау алгоритмі
Программаның жоғарғы бөлігінде Файл, Түзету, Авторлар туралы, Көмек менюлері орналасқан.
ІҮ. Білім мен дағдыны қалыптастыру кезеңі (қолдану)
Компьютермен практикалық жұмыс жасау.
Ү. Сабақты қорытындылау кезеңі (синтез)
Сұрақтар:
1. Біз алгоритмнің қай түрімен таныстық?
2. Бота қандай команданы орындай алмайды?
3. Атқарушы Бота шеңбер сыза ала ма?
ҮІ. Бақылау және өзін - өзі бақылау кезеңі (бағалау)
Жеке оқушыларға және сыныптың жұмысына баға беру.
ҮП. Үй тапсырмасын беру кезеңі.
Оқулықтағы §3. 2. Шығармашылық тапсырма
ҮШ. Рефлексия кезеңі.
• Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?
• Саған қай тапсырманы орындау қиын болды?
• Нені біліп, үйренуіміз керек?