Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі.
БжС технологиясы Ауызша сабақ - 1 картасы
Физика 7 сынып
Өткізу түрі: Ауызша сабақ - 1 картасы, БжС технологиясы.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқылудың оқу материалын 63% меңгерудегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Сабақтың мақсаты: Диффузия құбылыс туралы түсінік қалыптасады және молекулалардың үздіксіз қозғалысының температураға тәуелді екенін біледі.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
Ұйымдастыру кезеңі.
Мотивация
Сынып бір топ боп жұмыс жасайды. Табысты болуы үшін және белсенді болу үшін көшбасшыға сөз беріледі.
Оқушылардың субьективті тәжірибесін өзектендіру Өткен сабақ бойынша қарама - қарсы сұрақтар қою
1. Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден - молекулалар мен атомдардан тұрады,- деп кім айтқан және бұл қандай қағидадан алынған Ломоносов, молекулалық – кинетикалық теориядан)
2. Газдардың құрамындағы атомдар мен молекулалар үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдейтін мысал келтіріңдер (аң - тозаң, иіс таралу)
3. Диффузия дегеніміз не? (әр түрлі денелер молекулаларының бір - біріне араласып енуі)
4. Диффузия сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны береді? (таралу, жайылу)
5. Диффузияның пайдасына екі мысал келтір (ауамен дем алу, қоректік заттың организмге өтуі)
6. Диффузияның зиянына екі мысал келтір (ауру адамнан микробтың таралуы, ауадағы зиянды заттардың денеге өтуі)
7. Біздің теріміз неге таза болу керек? (ауадағы оттек біздің теріміздегі көзге көрінбейтін тесіктер арқылы денеге өтеді)
8. Диффузия құбылысы температураға тәуелді ме? Дәлелде (ия тәуелді, қант суық айдан көрі ыстық шайда тез ериді)
9. Температура дегеніміз не? (дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама)
10. Температураны өлшейтін құрал не деп аталады? (термометр)
11. Қандай температуралық шкалаларды білесіңдер? (градус цельсия, фаренгейт)
12. Қатты денелерде диффузия бола ма? Қатты денедегі диффузияны қайда қолданамыз? (ия бар, бірақ ол өте баяу өтеді, әшекей бұйым жасағанда оларды жоғары температурада балқытып жасайды)
13. Адам ағзасында диффузия процесі қалай өтеді? (тері арқылы денеге өтіп қанмен араласады)
14. Молекула мен атомның өте кішкентай бөлшектер екенін дәлелде (алма стадионнан неше есе кіші болса, молекула алмадан сонша есе кіші)
15. Барлық заттың ерекшеліктерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшек. Бұл не? (молекула)
16. Әтірдің ауада қалай таралатынын айтып бер (әтірдің молекуласы мен ауа молекуласы бір - бірімен араласады)
17. Су молекуласы қандай атомдардан тұрады?(екі сутек, бір оттек)
Хайруллина Саяш Ермекқызы
Әл - Фараби мектеп - лицейінің физика пәнінің мұғалімі