Әке - отбасының қамқоршысы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Отбасым – күншуағым
Сабақтың мақсаты:
1. Ата - анаға деген құрмет, сыйластық деген ұғымдарды балалардың санасына жеткізіп, бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін ұғындыру, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
- Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІІ. Топқа бөліну: Тату – тәтті отбасы.
Музыка ырғағымен билеу, билеп тұрып Тату - тәтті отбасында (2, 3, 4, 5) адам деген кезде бірігіп құшақтап немесе қол ұстасып тұра қалады. (2 - 3 рет). Мейірім , Сезім , Татулық , Сыйластық
ІV. Қызығушылықты ояту. Бейне фильм Семья
- не байқадыңыз?
бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы бәрімізге таныс әрі ыстық - "Отбасым - күншуағым"деп аталады.
Сұрақ: - Отбасы деген не? - Отбасы мүшелері деп кімдерді айтамыз? Отбасы дегенге әр топ анықтама береді.(2 - 3 мин.)
Отбасы деген – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Жұмбақ.
Онда әкем, шешем тұрады,
Ата - әже, бауырым,
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады.
Отбасы
Отбасы тату болу үшін ең бастысы сыйластық, бір - біріне деген құрмет болу керек екен. Ата - ананың, аға - әпкеміздің ақылын тыңдап, кішіге қамқор болуымыз керек.
V. Постер жасау.
І топ. Ата, әже – асыл жандар. (суреттеп көрсету)
ІІ топ. Әке – отбасының қамқоршысы.(мақал - мәтелдермен )
ІІІтоп. Ана – отбасының құт - берекесі.(ән айту, өлең арнау)
ІV топ. Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.(жарнамалау жақсы қарым - қатынас)
Әр топ постерлерін қорғайды, қалған топтар екі жұлдыз бір ұсыныс айтады
"Ұлылардан қалған ұлы сөздер"
Жанұяда әке мен ананың орны ерекше. Бұл туралы өмірде талай дана, талай ақын - жазушыларымыз айтып өткен болатын. Ендеше, "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.
1 - оқушы. Мұхаммед Пайғамбар:
"Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2 - оқушы. Кемал Кеніш:
"Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі - әке, өзіңсің"
3 - оқушы. Дулат Бабатайұлы:
"Ата - ана ақылы - қазылған қара кенмен тең"
4 - оқушы. Махмұд Қашқари:
" Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"
VI. Ой толғаныс.
Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік? Тірек үлгі.
Отбасы бақытты ол.... , Отбасы татулығы... , Сенің отбасыңда қандай әдет - ғұрыптар сақталған деп... , Отбасы берекесі, бірлігі... стикерлерге жазып тақтаға іледі.
Қорытынды.
Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, отбасының ар – намысын сақтауға, сырын шашпауға, бір - біріне адалдыққа тәрбиелеген.
Бүгінгі сабақты Елбасымыздың мынандай сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады . Отан отбасынан басталады деген сөздің мәнісі де осында.


Скачать


zharar.kz