Бала тәрбиесінің негізгі іргетасы қаланатын мектепке дейінгі мекемелердегі білім мен тәрбиенің егіз, бірін - бірі толықтырыла жүргізілуі - жеке тұлға қалыптастыруда тек жеңістерге жетелейтіні кәміл

Скачать

Бала тәрбиесінің негізгі іргетасы қаланатын мектепке дейінгі мекемелердегі білім мен тәрбиенің егіз, бірін - бірі толықтырыла жүргізілуі - жеке тұлға қалыптастыруда тек жеңістерге жетелейтіні кәміл. Сондықтан да, қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелер, шағын орталықтар көптеп ашылып, мектепке дейінгі жастағы балалардың мақсатты білім алуы мен тәрбиеленуіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарына ұсынылып отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына балаларды балабақшада тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық - педагогикалық негізіне қойылатын талаптар кіреді.
Білім беру мазмұны білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады. Бір жас кезеңінің білім беру саласының мазмұны келесі жас кезеңінің білім беру саласының мазмұнымен сабақтасады.

• Денсаулық
• Таным
• Шығармашылық
• Әлеуметтік орта
• Қатынас

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақшасының
музыка жетекшісі Құмарбаева Гүлнұр


Скачать


zharar.kz