Анау - мынау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жалпылау есімдігі (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Жалпылау есімдігі туралы оқушының білім өрісін кеңейтуге бағдар беру.
Тәрбиелік: Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ақынның өлеңдері арқылы адамгершілікке, ой алғырлығы мен тапқырлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының іздену, зерттеу шығармашылық қабілеттерін өрістету, өлеңдердің, мәтіндердің мәнін аша отырып, терең ойлауға, жүйелі ой мен көркем сөйлеуге дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, сурет т. б.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: Жұмбақ, суреттер, перфокарта, жетон, кеспе қағаздар, сыйлықтар, шар, дидактикалық материалдар.
Сабақтың құрал - жабдығы: Интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, өзіндік ізденіс, топтау, жинақтау, көрнекілік әдіс.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сабаққа назарын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сағи Жиенбаев Ертең өлеңі
Тұрам ерте,
Шығам ерте үйімнен....
Не қоям мен
Мына қарқын, түріммен?
Анау - мынау...
Белгілі ғой бәріде.
Қалатұғын не бар дейсің бүгіннен?
Күндегі осы...
Күндегі осы тіршілік
Жең сыбанып, кірісемін құлшынып,
Анау - мынау.... бітіп еді әлгіде,
Тағы да бір “анау - мынау”... тұр шығып.
Мәтіннен есімдіктерді таптыртып, еске түсіріп, сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.
- Есімдік дегеніміз не?
- Есімдіктер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
- Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
- Сілтеу есімдігі дегеніміз не?
- Сұрау есімдігі дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ
Жалпылау есімдігі
1 - слайд. Жалпылау есімдігін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы – өлең айтып, ән салайық. (Абай ) Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би. (мақал) Бәріміз бір атаның баласымыз. (С. Бақбергенов) Күллі ауылда жаны ашитын жалғыз Шәйхат қана. (Ә. Кекілбаев) Бұл сөздер (бәрі, түгел....) – көп заттың атының орнына қолданылады. Жалпылау есімдігі бәрі, түгел, бүтін, тегіс, күллі т. б. түбір сөздер болғандықтан, дара есімдіктер болып саналады. Жалпылау есімдігіне – ша, - лық жұрнақтары жалғанып, туынды есімдіктер жасалады. Мысалы: бар - ша, бар - лық т. б


Скачать


zharar.kz