Мектебіммен мақтанам
Мен, Нұрлан Жансая Бақытбекқызы, Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданындағы
№ 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2 "В" сыныбында оқимын. Біздің мектебіміз қаланың батыс бөлігінде, Сырдария өзеніне жақын маңда орналасқан.
Мектебіміздің ашылғанына 25 жылдай уақыт өтіпті. Осы жылдарда мектебімізден талай шәкірт түлеп ұшты. Былтыр ғана екі оқушы "Алтын белгіні" иеленді. Мырзабекова Салтанат пен Нағметулла Айдос деген түлектерді мектебіміз мақтан тұтады. Сондай - ақ біздің мектепте үйірмелер, спорт секциялары жұмыс жасайды. Мектеп оқушылары интеллектуалдық сайыстардан, өнер байқауларынан да жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мен осындай мектепте оқығанымды мақтан етемін.
Өнер, білім үйреніп,
Болашаққа барамын.
Бәсекеде әлемдік
Қазақ атын жазамын.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламын.
Соғылғанда қоңырау
Дайын дәптер, қаламым.
Үзілісте шуламай,
Тыныш қана жүреміз.
Апайымыз мақтаса,
Тек жымиып күлеміз.
Мектеп біздің екінші
Үйіміз деп санаймыз.
Үйімізде тәртіптің
Орнағанын қалаймыз.
Оқуда, еңбекте
Үлгі бол сен көпке!
Бақыт та, байлық та
Барлығы еңбекте.