Қызықты өткен сабақ

Скачать

Қызықты өткен сабақ. (Оқушы күнделігінен)
Бір күні бізде қызықты күн болды. Айтпайын дегенім, апайымыз Жадыра Файзоллакызы күндегідей күлімсіреп, сыныпқа кіріп келді. Қазақ тілі сабағы болатын. Барлығымызбен амандасып, шаттық шеңберін жасатып, тілек білдірді. Отшашу да шаштық. Бүгінгі сабақта диктант жазатынымызды да айтты. Біздің сыныптың барлық оқушылары диктант жазғанды жақсы көреді. Бәріміз алақайлап қуандық. Бір уақытта апайымыз - Балалар, осы ішік дегеніміз не?- деп сұрақ қойды. Бір мезгілде Ерғазы деген оқушы: - Ол, малдың, адамның ас жүретін ішегі, десе, Арайлым деген қыз бала: - Домбыраның жібі - деп жауап берді. Апай бір күліп алды да, - жарайды, отыра қойыңдар,- деді. Бәріміз де келісе кеттік. Бір мезгілде диктанттың тақырыбы "Ішік" деп аталатынын және ішік туралы жазатынымызды айта кетті. Әдеттегідей апайымыз берілген мәтінді оқи бастады. Біздің түсінгеніміз манағы айтылған жауаптағы ішік - киетін киімге айналғанына аң - таң болып, киін күліп алдық. Сөйтсек ол жануар терісінен иленіп тігілген қысқы киім екен. Білмейтініміз көп екен. Өзіме осы күн қызық болды. осы күлкілі сәтті достарммен бөліскім келді. Достар, сіздер де осындай қызықты сәттерді жазып отырыңыздаршы. Бір күліп алайық...!


Скачать


zharar.kz