Бір - екі баланың жұмысын оқытып, етістіктің рай түрлеріне талдау жасату

Скачать

Тақырып: Етістік райларынан өткенді қайталау
Жалпы мақсаты: Оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың ойлау, қабылдау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Орындалатын тапсырмалар арқылы отансүйгіштікке, аналарды қадірлеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Ресурстары: Оқулық, интерактивті тақта
Әдіс - тәсілдері: Тәсілі: жекелей, жұптық, топпен Әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, іздендіру, талдау, түсіндірмелі
Оқыту нәтижелері: • Ереже, қағидаларды еске түсіреді;
• Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
• Өз бетінше талдау жұмыстарын жүргізуге дағдыланады;
• Өз ойларын қағаз бетіне түсіруге үйренеді;
• Өлеңге, поэзияға деген қызығушылықтары артады.
Түйінді идеялар: Етістіктің райлары, ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай, жасалу жолдары, жіктелуі
Дереккөздер: Оқулық, қосымша мәліметтер.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Бағалау Модульдар
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.
Есім – акроним әдісі арқылы сыныпқа жылылық аудитория - сын қалыптастыру Өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіреді. Топқа бөлінеді – Команда таңдау . Топ аттары: Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай
Үй тапсырмасы: Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтап кері байланысқа шығады. Біліміңді байқап көр әр топ өз атына сәйкес постер дайындап, қорғайды. 159 - жаттығу Оқушылар бірін - бірі тексереді
Жаңа тақырып: Қызығушылығын ояту
Сабақтың мақсатын оқушылар - мен бірлесе отырып құрады. Етістіктің рай категориясы деген не? , Неше түрі бар? сұрақтарына жауаптарын білдіреді Мұғалімнің мадақтауы Сыни тұрғыдан ойлау
Мағынаны ажырату
Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар үлестіреді
Кітап – досың, ақылшың
Поэзия минуты
Өлең жолдарын оқып, тапсырмасын орындау
Семантикалық карта толтыру Оқулықтағы 162 - жаттығуды тақтада орындайды.
1 - топ - Ана туралы өлеңді мәнерлеп оқып, 2 - топ - авторы Ф. Оңғарсынова жайлы деректер оқиды, 3 - топ - ән айтады. 4 - топ - ана тақырыбында қысқаша ой толғайды. Топ болып таратпа материалдағы тапсырманы орындайды. Жекелеме оқушылар семантикалық картаны толтырады. Топ басшыларының бағалауы Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сергіту сәтін өткізу Ортақ портрет ойыны бойынша сергіп, демалады.
Ой толғаныс
Сабақ барысында жүйелеген білімдерін қорытындылау үшін Бақытты болу деген не? тақырыбына ойтолғау жазу Бір - екі баланың жұмысын оқытып, етістіктің рай түрлеріне талдау жасату. Мұғалімнің мадақтауы Сыни тұрғыдан ойлау
Бекіту: Мақалбай атайдың сұрақ - тары Торкөзді таңдап сұраққа мақалмен жауап беріп, рай түрін ажырату
Топ басшысының бағалауы
Бағалау: Оқушылардың үй тапсырмасына жауаптарын, топ басшыларының бағалауын және шығармашылық жұмыстарға қатысуы негізінде бағалау
Рефлексия:
Үйге тапсырма: 3 - деңгей тапсырмасын аяқтау
164 - жаттығу


Скачать


zharar.kz