Балабақшада ата - аналар жиналысын дәстүрден тыс түрде ұйымдастыру
Баланың өмірге бейімделуіне балабақша, тәрбиеші және ата – ананың орны ерекше. Туындаған тәлім – тәрбиедегі жарасымдылық балабақша ата - ана әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Халық Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады.
Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң – мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. Бүгінгі ұрпақ – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз – қазіргі қоғам мұратына сай жан – жақты жарасымды тұлға өсіру.
Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады.
Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, ата – анасына, құрбы – құрдастарына, олардың іс – әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.
Мектепке дейінгі мекемеде ата - анамен жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Осыған орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ата – аналармен жұмыс баланың әр жас ерекшелігіне сай құрылған.