Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы,
Жігітті жібермейді малдың азы.
Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді,
Тыятын болмаған соң мықты қазы.
Сөзі бар замандастың терісқақпай,
Жарассашы бір-біріне айтқан назы,
Тұйғынға күшігендер ауыз салып,
Жем болды қарға, ұзаққа қоңыр қазы.
Басшымыз ел пайдасын сөйлемейді,
Білгіштер бұл жұмысқа емес разы.
Көптен-көп іздегені бүліншілік,
Қанша айтып таусылмайды еш аразы.
Әлі жоқ аңқылдама түсер жарға,
Айтпаса, қайдан білсін, ел сабазы.
Әлі жүр біздің қазақ надандықта,
Қор болып сол себептен өнерпазы.