Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ф. Оңғарсынова Тәрбиеші өлеңін оқып, жаттау
Мақсаты: Шығармашылық тілді дамыта отыра өлеңді жатқа айтуға үйрету.
Міндеті: Өлеңді оқып, жаттау барысында балаларды балабақша қызметкерлерінің аты - жөнімен, мамандық атауларымен таныстыру, олардың еңбегін бағалай білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Таспаға жазылған дыбыстар мен ән. Қаңбақ шал суреті. ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита, фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, машинаның рулі.
Таспа қосылып: желдің, дауылдың жазбасы қосылып топқа Қаңбақ шал кіреді:
Қаңбақ шал: сәлеметсіңдер ме балалар!
Тәрбиеші мен балалар амандасады (сәлеметсіз бе!)
Қаңбақ шал: сеңдер мені таныдыңдар ма?
Тәрбиеші: балалар, бұл Қанбақ шал
Иә мен Қаңбақ шалмын.
Тәрбиеші: Қаңбақ шал қайдан жүрсіз?
Қаңбақ шал: бүгін көрмеге барғам мына суреттермен танысайын деп, (суреттерді көрсетеді) бір уақытта қатты жел соғып ұшып кеттім, енді міне сеңдерге жолықтым. Енді көрмеші алыста қалды, суреттермен кім таныстырады?
Тәрбиеші: Қаңбақ шал мүмкін біз сізге көмектесеміз?
Тәрбиеші: балаларға белгі беріп екі орталыққа бөлінеді: бірі шығармашылық орталығына барады да күз өнімдерін (көкөністер мен жемістерін) үлкен және кішірек домалақ алмаларды илеп домалатып мүсіндейді.
қалған балалар көңілді тілдер орталығына барады.
Тәрбиеші: Қаңбақ шал көрсетіңіз суреттеріңізді мүмкін біз сізге көмектесеміз?
Қаңбақ шал (тәрбиеші, тәрбиешінің көмекші, аспазшы, медбибі) суреттерді көрсетеді.
Тәрбиеші: Қаңбақ шал отырыңыз.
Тәрбиеші: Балалар, біздің топқа ата қандай дыбыс шығарып кірді? (өзі көрсетеді)
(О - о - о - о - о А - а - а - а - а)
Тәрбиеші: балалар, Қаңбақ шалды (атаны) не айдап келді?
Тәрбиеші: жел қандай дыбыс шығарады?
Тәрбиеші: атаның, желдің дауыстарын бірге қосып айтсақ қалай болып шығады?
Тәрбиеші: жақсы балалар.
Тәрбиеші балаларды бір - бірінің артынан тұруын сұрайды.
әуен арқылы шеңбер бойы жүреді:
Чу - чу - чу - чу; Ту - ту - ту - ту - ту,
алысқа барамыз атаны аламыз. деп орындықтарға отырады.
Тәрбиеші: Кәне балалар Қаңбақ шалға көмектесейік
(Суреттерді пысықтайды)
Тәрбиеші Дәрігер суретін көрсетіп
Балалар суретте кім?
Тәрбиеші: Дұрыс
Дәрігер қалай жұмыс істейді?
Тәрбиеші: Дәрігер адамдарды емдейді. (ішіміз ауырса, басымыз ауырса дәрігер апай емдейді)
Тәрбиеші: Дәрігер мамандығы бізге керек пе?
Тәрбиеші: Балаларға дәрігер сөзін қайталатқызады.
Қаңбақ шал балалармен бірге жұмыс жасап қайталайды
Қаңбақ шал балалар мынау кім (балалармен бірге жүрген тәрбиешінің суретін көрсетеді)
Тәрбиеші: Балалар суретте кімдер?
Тәрбиеші: Дұрыс
Тәрбиеші: Тағы не көріп тұрсыңдар?
Тәрбиеші: Жақсы.
Тәрбиеші: балаларға Ф. Оңғарсынованың Тәрбиеші өлеңін оқып, жаттауға үйретеді.
Тәрбиеші Балалармен не істеп жүр?
Тәрбиеші: Балалар, Қаңбақ шалға жаттаған өлеңді айтып берейік. (барлықтары бірге өлеңді оқып айтады)
Қаңбақ шал: Рахмет балалар.
Тәрбиеші: Балалар топта не істеп жүр?
Тәрбиеші: Кәне бізде ойнайықшы.
Дидактикалық ойын: Қоңыраулар
Қимыл жасап ойнайды.
Мақсаты: Балалардың есту қабілеттері мен зейіндерін дамыту.
Шарты: Балалар, мынау үлкен қоңырау, мынау кішіректеу қоңырау.
Қыздар кішірек қоңырау соғылғанда жүреді (Дін - Дін - Дін), ал ұл балалар үлкен қоңырау соғылғанда жүреді (Дын - Дын - Дын)
Балаларға тапсырма: бірінші қыздар қоңырауға соғады, сосын ұл балалар соғады. Ойын 2 - 3 рет қайталанады. Қоңыраулармен ауысуға болады.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар
(балаларды тақтада тізіліп тұрған ыдыстарға көңілдерін аударады)
Тәрбиеші: Балалар, мынау нелер?
Тәрбиеші: Қандай ыдыстар?
Тәрбиеші: Жақсы. Қазан мен кастрөлдің көлемі қандай?
Бұл ыдыстар кімге керек деп ойлайсыңдар?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бірақта бұл ыдыстар тағы аспазшыларға керек деп аспазшының суретін көрсетеді
(аспазшының киіміне назар аударады, қайда жұмыс істейтінің айтады)
Тәрбиеші: аспазшы қайда жұмыс істейді?
Тәрбиеші: Асханада
Тәрбиеші: Асханада не бар?
Тәрбиеші: асханада ас дайындайтын үлкен электр плитасы болады.
Тәрбиеші: балалар, тәтті компот пісіріп көрейік.
Дидактикалық жаттығу: Тәтті компотқа не қажет?
Мақсаты: дыбыстарды естуге, дұрыс анық айтуға үйрету.
Шарты: балалардың алдарында екі қазан мен себеттегі көкөністер мен жемістер суреттері тұрады (муляжи).
Балалар міне екі қазан біріншісіне тәтті компот пісіру үшін мына азықтарды алып қойындар, ал мына қазандыққа көже пісіреміз.
Тәрбиеші: балалар, алманы компотқа әлде көжеге саламыз?
Ал орамжапырақты қайда саламыз?
Тәрбиеші: жақсы балалар
Тәрбиеші: аспазшы бізге керек пе?
Қаңбақ шал көрдіңіз бе аспазшы да бізге қажет.
Қаңбақ шал: иә балалар мен сеңдермен келісемін
Тәрбиеші: балалар атаға шай қайнатып берейік
Артикуляциялық жаттығу: Шәйнек
Мақсаты: дыбыстарды естуге, дұрыс анық айтуға үйрету.
Шарты: балалардың алдарында екі шайнек тұрады (біреу үлкен, екіншісі кішірек)
Үлкен шайнек қайнағанда С - С - С - С - С - С деп (дауыс ырғағын көтеріп) ысқырып қайнайды
Кішірек шайнек с - с - с - с - с - с деп (дауыс ырғағын төмендетіп) ысқырып қайнайды
Тәрбиеші: жаттығуды орындау процесін қадағалап түзетеді.
Тәрбиеші: балалар, сеңдер өскенде кім болғыларың келеді?
Қаңбақ шал: қандай жақсы, суреттермен таныстырды, кімге қандай құрал қажетін де біледі. Иә, өкінішті деп мұңаяды. (тәрбиеші көңіліне назар аударады)
Тәрбиеші: не болып қалды ата?
Қаңбақ шал үйімде кішкентай немерем бар ертең өскенде кім болатынын білмейді, ал мына балалар бәрін біліп тұр.
Тәрбиеші: Мұңаймаңыз ата, бұл жерде де біз сізге көмектесеміз.
Қаңбақ шал: қалай көмектесесіңдер?
Дидактикалық ойын: Кімге не керек?
Мақсаты: түрлі мамандық иелері құралдарын (тәрбиеші, дәрігер, аспазшы, көмекші) басқаратыны туралы түсініктерін кеңейту.
Құралдар: ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита; фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, машинаның рулі.
Шарты: Балаларды үстелдің үстінде (ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита; фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, машинаның рулі) тұрған ойыншықтарға жақындатып сұрайды: (мына заттардың ішінен кімнің заты? кімге жұмысына не қажет?) деп сұрайды.
Тапсырма: мамандықтарға байланысты заттарды атап, қоржынға салады.
Тәрбиеші: әр баладан жауап алады. Қоржынға салған заттың атын сұрап бекітеді.
Тәрбиеші: жақсы балалар, енді мына қоржынды Қаңбақ шалға берейік.
Қаңбақ шал: рахмет балалар сыйлықтарына
Тәрбиеші: шығармашылық орталығындағы балаларды жұмыстарын анықтайды. Балалар жұмыстарын көрсетіп түсіндіреді.
Қаңбақ шал балалармен қоштасып кетеді
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге кім келді?
Тәрбиеші: Біз орталықта не істедік?
Тәрбиеші: компотқа қандай азықтарды салдық?
(Тәрбиеші балалармен ойнап жүрген суретті көрсетіп) балалар мына сурет туралы не айтуға болады?
Тәрбиеші: Балалар, кіммен ойнап жүр?
Тәрбиеші: Балалар, ішіміз, басымыз ауырып қалса, кім бізді емдейді?
Тәрбиеші: Қаңбақ шалға не сыйладық?
Қаңбақ шалға қандай өлең айтып бердік?
Тәрбиеші: рахмет балалар, бүгін сеңдер жақсы жұмыс жасадыңдар, енді ойын орталығына барып: балабақша желілі ойынын ойнайық (балалар арасында рөлдерді бөліп ойын барысын басқарады).