Арқан тартыс ойыны

Скачать

Сабақ тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақ мақсаты:
1) Білімділік: сөйлем мүшелері, оның ішінде тұрлаулы мүшелер туралы түсінік беру, сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің қызметі, сөйлемдегі орны туралы түсіндіру;
2) Дамыту: оқушының сауатты жазу дағдысын қалыптастыра отырып, сөйлем құрауға, оларды талдауға үйрету, есте сақтау қабілетін, ой - өрісін дамыту;
3) Тәрбиелік: тілді құрметтеуге, бір - біріне көмектесуге, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі, типі: қорытындылау, ойын сабақ
Әдіс - тәсілдер: сөздік, көрнекілік, талдау, практикалық, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: оқулық, слайдтар, суретті карточкалар, ұлттық ойынның суреттері.
Қолданылған технология: СТО
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, дүниетану

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру сәті (оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру)

Психологиялық дайындық:
Армысың, алтын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың, асыл жер!
Армысың, достарым!

II. Қызығушылығын ояту:
Слайдтан ұлттық киім киген қарияның суретін көрсету: Балалар, бүгін бізге қонаққа Білгішбек атай қонаққа келіп отыр. Ол сендермен өзіміздің ұлттық ойындарымызды бірге ойнағысы келеді. Ол үшін атайдың бірнеше сұрақтарына жауап беріп, шарттарын орындаумыз керек.
1. Арқан тартыс ойыны. Атайдың 1 тапсырмасы:
- Үй тапсырмасына не берілді?
- Бастауыш пен баяндауыш туралы не білесіңдер?
- Олардың арасына қай кезде сызықша қойылады?
- Бастауышқа қандай сұрақ қойылады?
- Баяндауышқа қандай сұрақ қойылады?
- Өте жақсы, балалар! Арқан тартыс ойынында екі қатар да тең түсті, барлығың үй тапсырмасына жақсы дайындалып келген екенсіңдер. Енді осы арқан тартыс ойыны туралы айтып кетейік. Арқан тартыс — ұлттық ойын.
Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым - екі метрдей жерден тағы да жоғарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10 — 12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.
Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта тұрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын бір, екі, үш ... деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.
Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін - бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс - әрекетке тәрбиелейді.

III. Мағынаны ашу
1. Көкпар ойынын ойнаймыз. Көкпар ойыны туралы да айтып кетейік. Көкпар ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20 – 30 кг - дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды. Көкпар жігіттердің күш - жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марқа тарту деп те атайды.
- Енді, сіздер де көкпар ойынын ойнайсыңдар, ол үшін қазір оқулықпен жұмыс жасаймыз.
76 - беттегі 60 - жаттығу (ауызша) сөйлемдерді оқып, олардың қандай ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар екенін айтып, сұрақтарға жауап береді.
61 - жаттығу. Оқушылар кезекпен оқып, тұрлаулы мүшелерді табады, неліктен тұрлаулы екенін түсіндіреді.
2. Сергіту сәті. Қара жорға биін билейміз.
3. Келесі ұлттық ойынымыз Қыз қуу деп аталады. Ол ойын туралы қысқаша айта кетсек, Қазіргі кездегі қыз қуу спорт жарысында күшті теңдестіру үшін әлсіз жаққа берілетін тиімді шартты еске салады. Жарыс мынадай тәртіппен өткізіледі. Сөреге қыз бен жігіт шақырылады. Жігіт қыздан 10 — 15 метр кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңгендігін білдіру үшін оның білегінен орамалды алуға тырысады. Ал қыз оның керісінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды. Қыз қууды қазіргі бағытымен келешекте де дамытудың үлкен спорттық маңызы бар. Оны ұлттық спорт ойындарының қызғылықты бір түріне айналдыру үшін мүмкіншілік толық.
Біз де бүгін Қыз қуу ойынын ойнап көрейік, ол үшін тақтада жұмыс жасаймыз. Қыздар бір - бірден шығып, 62 - жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп, тыныс белгісін қояды. Ұлдар сол сөйлемдерді тексеріп, тұрлаулы мүшелердің астын сызып, мәтінге ат қояды.
4. Келесі ойынымыз Ақ сүйек деп аталады. Ақ сүйек — ұлттық ойын. Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін шөптесін кең алаң таңдалынып алынады. Ойын жүргізу үшін ірі қараның, жылқының, түйенің, кепкен жілік сүйегі керек. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне бастық сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың бастығы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады. Ойын жастарды қараңғыда бағдарды, мөлшерді айыра білуге, тез, жылдам жүгіруге үйретеді
Біз де қазір соған байланысты жаттығу жазамыз. Есте сақтау диктанты 63 - жаттығу. Мақалдарды жатқа жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызу. Болғасын осы мақалдарға мағынасы ұқсас мақалдар тауып жазу.
IY. Ой қорыту Хан талапай ойыны. Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — Ханталапай . Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты ханталапай деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Қане, біз де ханталапай ойынын ойнайық.

1. Тұрлаулы мүшелерге байланысты мини - тестке жауап беру.
Терме диктант. Мәтіннен тұрлаулы мүшелерді теріп жазу. Ерте, ерте, ертеде, бір хан болыпты. Ол өзіне жар іздепті. Сөйтіп, ол әрбір қаланы аралап шығыпты. Бірақ, ол өзіне лайықты қыз таба алмапты. Оның арманындағы қыз өте ақылды, өнерлі болған. Сөйтіп ол бір ауылға жетеді. Шаршағаны сонша кетіп бара жатып, ол бір үйді көреді.

Y. Сабақты қорытындылау
YI. Үйге тапсырма: 64, 65 - жаттығу.


Скачать


zharar.kz