Тақырыбы: Бала сұлтан 2016
Мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдыларын байқау. Өздерін емін - еркін ұстай білуге үйрету. Тілдерін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту. Бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу. Бала сұлтанды анықтау.
Ресурстар: шарлар, білім туралы, Жеңіс туралы суреттер, мақал - мәтелдер, гүлдер, құстар суреті.
Барысы: Құрметті қонақтар! Бүгінгі 2 Ә сыныбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі Бала сұлтан сайысы Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналады. Сайысты менің көмекшілерім Бердібай Гүлнұр мен Пирназар Нұрсұлу алып барады.
1. Бердібай Г:
71 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
71 жыл шуақты күн таратты әнін.
Елімде содан бері 71 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
2. Пирназар Н:
Сыналар, ер жігіттер, келді кезің Сәулең болса, бермен кел, талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен
Соны білсең, әрнені білдіргенің - деп ұлы Абай атамыз айтқандай,
бүгінгі Бала сұлтанына қатысқалы отырған жігіттеріміз әдеп - ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл - парасаттылық, өнер - жігерлік пен батырлық саласында күш сынасып, тапқырлық көрсетуі керек және де ана тілін қастерлейтінін байқау.
Бердібай Г:
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер!
Біліміді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер! – деп сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Пирназар Н:
Келеді сонау қашықтан,
Мектепке әр кез асыққан.
Сағидулла біздің ақкөңіл,
Көңілі дария тасытқан.- деп Алдаберген Сағидулланы шақырайық.
Бердібай Г:
Өнер құған жасынан,
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Серікжан,
Табылар дос қасынан.- деп Даулбаев Серікті шақырамыз.
Пирназар Н:
Математиканы ұнатады,
Қыздарды кейде жылатады.
Қаныбек бізді әрқашан,
Күлдіреді және қуантады..- деп Жақсыбай Қаныбекті шақырамыз.
Бердібай Г:
Білімді, алғыр, жан - жақты,
Ұлдарымыз қайратты.
Тәңірберді біздің әрқашан,
Досымыз болар қымбатты.- деп Кенесбай Тәңірбердіні шақырамыз.
Пирназар Н:
Әзілді жаны сүйеді,
Армансыз ол күледі.
Елдос біздің әрқашан,
Жып - жинақы жүреді.- деп Кудайбергенов Елдосты шақырамыз.
Бердібай Г:
Мен инженер боламын,
Жерден алтын табамын.
Деп жүр біздің Елдосжан
Алтыннан мектеп саламын .- деп Кудияров Елдосты шақырамыз
Бердібай Г:
Бойында алаулаған жалын,
Жақсылық толғандырып жанын.
Қайрат біздің үйге қайтпай,
Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.- деп Мингасаров Қайратты шақырамыз.
Пирназар Н:
Сыйлап сәлем береді,
Үлкендерді көргенде.
Ырысбекті сыныпта,
Ізетті деп біледі.- деп Мухаметқали Ырысбекті шақырамыз.
Бердібай Г:
Кішкентай сыныптың,
Тентек емес жуас тым.
Әнасыл біздің сыпайы,
Досқа адал шынайы.- деп Пирназар Әнасылды шақырамыз.
Пирназар Н:
Күні бойы тынбаған,
Үлкендерді сыйлаған.
Сабырлы біздің Нұртөре,
Ұқыптылыққа бойлаған.- деп Тастанбек Нұртөрені шақырамыз
Бердібай Г: Ал, енді мейрамның қонақтары! Сайысымызды бастамас бұрын кезеңдерімен таныстырып өтейік:
ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы,
Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна