Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Әжемнің ертегілері
Бөлімі: Көркем әдебиет. Тіл дамыту.
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін пысықтау. Ерекшеліктерін айта білуге үйрету. Балалардың ертегі туралы түсініктерін кеңейту, тілдерін дамыту. Ертегі кейіпкерлерін сахналап үйрену.
Билингвизм: Қоян - заяц, аю - медведь, түлкі - лиса, кірпі - ежик, қасқыр - волк, күз - осень.
Көрнекіліктер: Жабайы аңдар слайды. Күз мезгілінің слайды. Сиқырлы қаламды пайдалану.
Ертеңгілік шеңбер Сәлемдесу келген қонақтармен амандасу.
Балалар:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Тәрбиеші:
Бүгінгі оқу іс - әрекетімізге жылдың қай мезгілі екенін есімізге түсірейік.
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз айларын маған кім айтып береді.
1 - бала: Күз айлары: Қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші:Ал, балалар күз мезгілі жайлы кім тақпақ біледі.
2 - бала:
Құстар қайтып ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Т әрбиеші: Балалар күз мезгілінің әр айының ерекшелігіне тоқталайық. Күздің бірінші айы қыркүйектегі өзгерістерді сұрау.
3 - бала: Күздің алғашқы айы қыркүйек. Жапырақтар біртіндеп сарғая бастайды. Айналаның барлығы сары тонын киіп алғандай болады. Бұл айда молшылық болады. Өйткені жеміс - жидектер мен көкөністер барлығы піседі.
4 - бала: Күздің екінші айы қазан. Бұл кезде күннің жылуы азайып, жаңбыр жиі жауады. Сарғайған жапырақтар саудырап жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
5 - бала: Күздің үшінші айы қараша. Күн суытып адамдар жылы киіне бастайда. Жауған жаңбырдың арты, қарға айналады. Келесі ай қыс екенін білді Бізге қонаққа әже келеді.
Ортаға әже келеді. Амансыңдарма балаларым. Мен сендерге ертегі айтып бергелі келдім. Ертеде жан - жануарлар, құстардың барлығы сөйлейді. Сондықтан ертегі деп атаймыз. Алдымен жұмбақты қалай шешетіндеріңді білгім келеді.
1. Жиын терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Күз)
2. Ағайынды бәрі шықса жасыл, түссе сары.
(Жапырақ)
3. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
(Сарымсақ)
Тәрбиеші: Біздің балаларымыз жұмбақты жақсы шеше біледі.
Әже: Жарайсыңдар балалар. Енді сендерге ертегі айтып беремін. Ертегінің аты Қызыл телпек . Әже сұрақ қоя отырып ертегінің мазмұнын түсінеді.
Тәрбиеші: Ал, біздің балалар сізге Қоянның құлағы неге ұзын деген ертегісін сахналап береді. Ертегіге қатысатын жабайы аңдар: Қоян, аю, түлкі, қасқыр, кірпі.
Тәрбиеші: Баяғыда орманда аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі тату тәтті өмір сүріпті. Қоян туған күніне достарын шақырыпты. Қоян өзінің әдемі көйлегін киіп, өзі әндетіп жүреді.(дастархан әзірлеп қояды). Қоянның туған күніне кірпі келеді. Есікті тықырлатып кірпі келеді.
Кірпі: Туған күнің құтты болсын қоян досым. Денің сау болсын! Мынау менің сыйлығым өзім шыршаның жаңғақтарын төбесінен қағып алдым.
Қоян: Рақмет Кірпі досым, төрлет.
Тәрбиеші: Қоянның туған күніне қу түлкі келеді.
Түлкі: Қоян досым, туған күніңмен. Менің саған арнаған сыйлығым үйімде қалып қойыпты. Кешір.
Қоян:Төрлет Түлкі досым.
Тәрбиеші:Қоянның туған күніне қасқыр келеді.
Қасқыр: Бауырым қоян туған күніңмен. Саған әрқашан тілектеспін досыңнан. Мынау менің сыйлығым. (гүл береді).
Тәрбиеші: Достарының барлығы дастархан басында аюды күтеді.
Қоян: Аю досым кешігіп жатыр.
К ірпі: Үйі алыс жақта болғандықтан, жете алмай жатқан болар.
Түлкі: Жай басар аюдың әдеті осы емес пе, үнемі кешігіп жүреді.
Тәрбиеші: Осы кезде аю кешігіп жетеді.
Аю: Достарым кешігіп келгенім үшін кешірім сұраймын. Туған күнің құтты болсын қоян досым. Денсаулық тілеймін. Мынау менің сыйлығым қабыл ал! (балды береді). Енді сен бір жасқа үлкейдің туған күніңмен деп (қоянның құлағын тартады).
Қасқыр: Әрине аюдың күші көп қой, құлағын лезде ұзын етіп жіберді.
Қоян: Достарым қараңдаршы менің құлағым ұзын болып кетті.
Тәрбиеші: Аңдар барлығы би билейді.
Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Балалар: Иә, ұнады.
Тәрбиеші: Енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Ақ қоян ау, ақ қоян,
Үркек қоян, сақ қоян.
Дыбыс шықса қорқасың,
Белден бірақ асасың.
Қорқа берсең қояным,
Үркегім деп ат қоям.
Тәрбиеші: Енді осы ертегідегі жабайы аңдарға түсініктеме берейік.
6 - бала: Қасқыр – күшті батыр жыртқыш аң, оның ақылы мен айласы түлкіден асып түседі. Үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын қасқырдың терісі ашық сұр түс пен қара түске дейін болады. Қасқыр қояннан бұланға дейінгі ірі қара малдармен қоректенеді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.
Тәрбиеші: Аю жайлы не білесіңдер?
7 - бала: Аю – жазда өзінің қорегін тауып жейді. Өсімдіктермен жануарлар етімен қоретенеді. Аюлар шөп жегенде, сиыр сияқты жайлады. Сонымен бірге араның балын жақсы көреді. Ол қысқы ұйқы алдында шамадан тыс қоректеніп, денесіне май жинап алады. Аюдың баласы қонжық дейді.
Тәрбиеші: Қоян жайлы не білесіңдер?
8 - бала: Қоян шөп қоректі жануар. Оның денесі ұзын иілгіш қарғуға, секіруге икемді, құйрығы қысқа. Ұзын құлақтары дыбысты жақсы сезеді. Қоян терісін (тонын) өзгертіп отырады. Қыста ақ тонын, көк, сұр тонын киеді. Қоянның баласын көжек деп атайды.
Тәрбиеші: Түлкі жайлы не белесіңдер?
9 - бала: Түлкі өте қу айлакер жыртқыш аң, түлкі жұптасып тіршілік етеді. Түлкі көбінесе тышқандармен қоректенеді. Сонымен қатар жерге ұя салатын құстардың ұяларын бұзады. Майда құстарды ұстайды. Күз бен қыста жануарлар қорегі аз болғанда, әр түрлі жеміс шырынды өсімдіктерді жейді. Түлкінің баласын жәутік деп атайды.
Тәрбиеші: Кірпі жайла түсінік бері.
10 - бала: Кірпі – талғаусыз қоректенетін жануар. Ол әртүрлі жәндіктерді аулап, жеміс - жидектерді жақсы көреді өсімдіктерді жейді. Жақсы естиді және иісшіл болады. Күндіз інінде ұйықтап, ал түнде жорыққа шығады. Балалары жұмсақ инемен туылады. Уақыт өте келе инелері қатаяды. Қыста кірпі ұйқыға кетеді.
Тәрбиеші: Балалар қазір ойын ойнаймыз (доппен). Орман, ағаш, ауа ойынын ойнаймыз. Орман - дегенде ормандағы жабайы аңдарды айтасыңдар. Ағаш - дегенде ағашта өсетін жемістерді айту. Ауа - дегенде құстардың атын айту. Допты тәрбиешіге қайтып беру.
Тәрбиеші: Бүгінгі ертегіміздің басты кейіпкері қоян, соның жақсы көретін тамағы сәбіз. Қоянның туған күніне бәріміз сәбіздің суретін салып берейік.
Балалардың алдына берілген бояулармен сәбізді салуға кіріседі.
Тәрбиеші: Сәбіздің түсі қандай?
Балалар: Сарғыш – қызыл, сары болады.
Күтілетін нәтиже: Жабай аңдар жайлы білімдерін тереңдету.
Үйрену керек: Ертегіні жүйелеп айта білуге, сахналауға үйрену керек. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді айыра білу керек.