Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауытқуы, модасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сандардың арифметикалық ортасы тақырыбын тиянақтау;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандардың өзгеріс ауытқуы, модасын әртүрлі жағдайын дамыта оқыту, өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнына қатысты суреттер, тірек сызба тапсырмалар.
Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: білім бекіту сабағы
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезең.
Қызығушылығын ояту.
КЕНГУРУ
Тізбектей орналасқан бүтін бес оң санның қосындысы 2005 – ке тең. Осы сандардың ең үлкені қандай?
А) 401; В) 403; С) 404; Д) 405; Е) 2001.
Мұғалім жетелеуімен
Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т. с. с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі. Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері: арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода.
Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды қарастырайық.
1 - есеп. Шахмат ойыны жарысында 5 - сынып оқушылары: 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 ұпай алды. Осы ұпайлардың арифметикалық ортасын табыңдар.
Шешуі. Оқушылардың алған барлық ұпайларының қосындысын тауып, оны ұпайлар санына бөлу керек:(13+13+12+13+10+13+12+10): 8=12
Жауабы: оқушылардың алған ұпайларының арифметикалық ортасы 12 ұпай.
Есептеу нәтижесінде алынған 12 саны - берілген 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 сандарының арифметикалық ортасы.
Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.
Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
1) 5 пен 3; 2) 7 мен 9; 3) 10 мен 12;
Өз бетімен.
1 - тапсырма. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
1) 5, 7, 10, 12, 16; 2) 14, 18, 20, 23;
2 - тапсырма. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар: 1) 0, 1; 2; 0, 5; 7;
3 - тапсырма. Сандардаың модасын табыңдар: 1) 2, 1; 3, 5; 4, 6; 2, 1; 0, 3;
ІІ. САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Операциялық - орындаушылық кезең
Оқулықпен жұмыс:
№ 1160, 1162(1 - 2)
Оқулықтан тыс тапсырма.
Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі:
Оқушылардың аттары Жүгірген уақыты (секунд есебімен)
Айдос 14, 1
Рустем 18, 2
Нүрсеит 15, 5
Саша 16, 2
Нұрбол 22, 4
Даурен 16, 2
Меирим 20, 4
Кесте бойынша:
1) уақыттардың арифметикалық ортасын табыңдар;
2) уақыттың өзгеріс ауқымын табыңдар;
III. Кіріктірілген бөлім
Рефлексиялық – бағалау кезең.
Бекітуге арналған сұрақтар:
1) Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 1) 45, 58, 76, 81;
2) Сандардың модасын табыңдар: 1) 5, 1; 7, 5; 8, 3; 10, 2; 20;
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма №1260(4), 1261(3)