Оқушылардың топпен жасаған жұмыстарын қорғау

Скачать

Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Ауқымды компьютерлік желі, Интернет.
Сабақтың мақсаты;
1 Оқушыларға ауқымды желі яғни интернет мүмкіндіктерін, тарихын, домендік адрестер электронды пошта туралы түсінік беру.
2 Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3 Оқушыларды сабақ үстінде тәртіптілікке адамгершілікке баулу.
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Актуализация кезеңі. Өткен тақырыпты қайталатам.
Оқыту әдісі: Жаңа сабақты меңгерту.
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап талдау
Жаңа сабақ: Ауқымды компьютерлік желі - Интернет
Интернет дегеніміз не?
InterNet
inter – аралық
net, network – тор

Интернет – компьютерлік желілерді біріктіретін ауқымды желі.
Байланыс арналары:
 кабельдік
 талшықты - оптикалық
 спутниктік радиобайланыс
Провайдер – қарапайым қолданушылардың Интернетке шығуын қамтамасыз ететін фирма

Интернетке қосылу
Интернет серверімен спутниктік немесе талшықты - оптикалық байланысу арнасы

Интернет қалай пайда болды?
1958 АҚШ - та ARPA - ның құрылуы (Advanced Research Project Agency).
1960 - жылдар ARPANet компьютерлік желісінің жобасы
• желінің орталығы жоқ – өміршеңдік;
• жаңа желіні қосқанда оны қайта жасаудың
қажеті жоқ;
• желілер бір - бірімен арнайы тораптар – шлюздар арқылы байланыстырылады;
• деректерді пакеттеп тасымалдау әдісі;
1968 4 компьютерден тұратын компьютерлік желінің жаңа типі.
1972 Желі 50 университет пен лабораторияны біріктірді.
1974 TCP IP ақпаратты тасымалдау протоколы жасап шығарылды
Алғашқы қызмет түрлері:
• TelNet – компьютерді командалық қатарлар режимінде қашықтан басқару
• FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды қабылдау мен жеткізу
• Электронды пошта (e - mail, electronic mail) – хат - хабар алмасу

1982 Европалық UNIX - желі (бұған дейін – АҚШ, Канада,
Англия)
1983 Желі екі бөлікке бөлінген:
• MilNet – АҚШ - тың соғыстық мақсаттары үшін
• Internet – қоғамдық желі
1984 Домендік аттар жүйесі (DNS)
(www. mail. ru түріндегі адрестер)
1989 Интернетте 100 000 компьютер.
1991 WWW - тің (World Wide Web) ойлап шығарылуы – Т. Бернес - Ли, деректерді гипертекст түрінде тасымалдау
1991 ТМД елдері Интернетке қосыла бастады.
1994 Алғашқы интернет - магазиндер.
2000 20 млн - нан астам сайт.

Интернет мүмкіндіктері (қызмет түрлері, сервис)

 WWW (World Wide Web) – гипермәтіндік құжаттар.
Гипермәтін – әрбір сөзі немесе сөз тіркесі басқа құжатқа сілтеме бола алатын мәтінді айтады.
Гипермедиа – ішінде мәтін, сурет, дыбыс, видео болатын активті сілтемелерден тұратын құжаттар.
 Электронды пошта (e - mail)
 FTP (файлдарды тасымалдау)
 Форумдар (жаңалықтар топтамасы, конференциялар, телеконференциялар)
 Жаңалықтарға жазылу
 Іздеу жүйелері
 Чаттар (chat – әңгіме - дүкен құру)
 Нақты мезгілде сөйлесу
 ICQ (I Seek You) – жеке немесе топ түрінде сөйлесу, файлдармен алмасу
 Интернет - телефон
 Skype + колонкалар + микрофон

Сабақты бекіту: Оқушылардың топпен жасаған жұмыстарын қорғау. Сканер тобы, модем тобы.
Оқушыларды бағалау


Скачать


zharar.kz