Анадан өнеге көрмеген қыз жаман

Скачать

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
Атадан өнеге алмаған ұл жаман.
Қорқыт ата

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата - аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
Антон Макаренко

Жақсыдан болат ұл туса - жауырынынан өтін алса да, жамандарға жалынбас.
Махамбет Өтемісұлы

Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ - сыншыл,
Бос сөз - былшыл.
Ескелді би Жылгелдіұлы

Сүйер ұлың болса сүй, Сүйінерге жарар ол.
Абай Құнанбайұлы

Ата - анасын ардақтамаған ұл – нағыз қылмыскер. Ешбір ұлдың анасына бейжай қарауына құқы жоқ.
Ги де Мопассан

Атадан жақсы ұл туса – елінің зоры болады,
Атадан жаман ұл туса – адам біткеннің қоры болады.
Қазыбек Келдібекұлы

Туған ұлдан не пайда - қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса.
Махамбет Өтемісұлы

Ұл туса — әкеге тартар.
Жүсіп Баласағұни

Ұлың менен қызың — жарқыраған екі көзің.
Жүсіп Баласағұни

Ананың әлдиін білмеген – ұл болмайды,
Уставты білмеген – солдат болмайды.
Бауыржан Момышұлы

Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.
Бауыржан Момышұлы

Дәулетті ұл – ошақтың қоры,
Дәулетсіз ұл – атаның соры.
Қорқыт ата

Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,
Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
Қорқыт ата

Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі.
Қорқыт ата

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
Қорқыт ата

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
Қорқыт ата

Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек.
Конфуций

Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.
Сырым Датұлы

Атаның ұлы - атасына тартып туар.
Махмұд Қашқари

Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі.
Бұқар жырау

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасына қуса игі!
Төле би Әлібекұлы

Оқыс сөз, одыраң мінез – үлгісі жоқ ұлдың, кер кеткен қыздың белгісі.
Ғабит Мүсірепов

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.
Мұхтар Әуезов

Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарлықап ас бермес - әке үлгісін көрмесе
Қорқыт ата
Тең атаның ұлы едің: дәрежеңді артық етсе – тәңірі етті.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Жал - құйрығы қаба деп - жабыдан айғыр салмаңыз,
Қалың малы арзан деп - жаманнан қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз - жауға мінер ат тумас,
Жаман қатын алсаңыз - топқа кірер ұл тумас.
Бұқар жырау


Скачать


zharar.kz