Құрамына қарай жай сөйлем

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау (10 – сынып)
Мақсаты мен міндеттері:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімді пысықтау; теориялық білім мен практикалық білімді ұштастыру; тақырыптарға байланысты тексеру жаттығуларын орындау; тілдік минимумды тексеру.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын дамыту, ой - өрісін кеңейту.
3. Оқушыларды елін, жерін, салт - дәстүрін құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: сайыс
Әдіс – тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ - жауап, жаттығулар.
Сабақ барысы:
Кіріспе бөлімі А) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ә) Сыныпты екі топқа бөлу, топтың атын белгілеу.
( 1 - топ – Жетісу , 2 - топ – Сарыарқа )
Жай сөйлемді қайталау. Ереже айту, мысал келтіру).
1 - топ: Айтылу мақсатына қарай жай сөйлем.
2 - топ: Құрамына қарай жай сөйлем.

Сөздердің байланысу түрлерін ажырату.
1 - топ: сен келдің, ауылға бару, тез шығамын, ананың жүрегі, тас жол.
2 - топ: алтын сағат, досыма қарадым, ертең келемін, екі сөйлеу, мектептің жаны.

Берілген тақырып бойынша сұрақ - жауап құрастыр:
1 – топ: Қазақ халқының ұлттық ойындары
3 – топ: Қазақ халқының ұлттық киімдері

Сын есім. Ереже айту, мысал келтіру.
А) Жетісу, Сарыарқа жерлерін елестетіп, мысал келтіру.
Ә) Сын есімдерді қолданып, Жетісу , Сарыарқа тақырыбына әңгіме құрастыр.

Жетісу , Сарыарқа сөздеріндегі әріптерді қолданып, сөз моншағын құра.
Қатыстық, сапалық сын есімдерді қайталау. Әр топ 4 мысалдан келтіріп, жасалу жолын түсіндіреді.
Зат есім. Ереже айту, мысал келтіру.
1 - топ: жалқы және жалпы есімдер.
2 - топ: деректі және дерексіз есімдер.

Қорытынды.
Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді? сұрағына әр оқушы стикерге өзінің жауабын жазады.
Үйге тапсырма: 1. Өткен тақырыпты қайталау


Скачать


zharar.kz