Мұғалім: Рахимжанова Т. Ж.
Сынып: 3 Е
Сабақтың атауы Көбейту мен бөлуді қайталау
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже
Сабақ типі: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдылары жетіледі
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттері артады., шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысы қалыптасады.
Тәрбиелік: Пәнаралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.
Сабақтың түрі: пысықтау
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау, кіріктіру, топтық жұмыс.
Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық үлестірмелер, оқулық, дәптер.
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ - Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің - Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің - Шыңдық, бірлік, адалдық
Олай болса балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық. Бүгінгі сабақта біз көбейту және бөлу тақырыбы бойынша алған білімімізді пысықтаймыз.
Қызығушылықты ояту
Ой толғаныс
1 - кезең. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
А) Тірек білімді белсендіру: Миға шабуыл. Көбейту мен бөлу кестесін қайталауға арналаған жаттығулар.
Жұбыңды тап ойыны. Берілген карточкалармен оқушы өз жұбын табады.
Ә) Өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер құр.
20: 2+5
120: 10
4 х 3
9 х2
3 х 6
80 : 2 – 12
200 : 10
5 х 4
7 х 4
5 х 3
Интерактивті тақтада жауаптарын тексереді, бағалайды. Бағдаршам
Б) Көбейту мен бөлу кестесін қайталау
4х9
24: 3
3х6
36: 4
3х7
40: 4
7х4
21: 3
6х2
28: 4
1х9
18: 2
Интерактивті тақтада жауаптарын тексереді және бағалайды (Бағдаршам)
В) Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Топтық жұмыс
Көбейту мен бөлу кестесін тексеру. Амалдарды орындау Кім жылдам ойыны
1 - ші қатар
(34+20): 6
80: 10+12
100 - 8х10
(85 - 15) х9
0х (42+7)
2 - ші қатар
(76 - 26) х 8
49: 7 х 8
46 - 64: 8
50 – 24: 3
4х5+4х9
3 - ші қатар
81: 9 х 6
34 +6 х 9
90 – 7 х 8
(24 + 16): 8
Интерактивті тақтада жауабын тексереді.
Г) Сұрақтарға жауап бер
- екі жұмыртқаны 6 минут пісіреді. Осындай 8 жұмыртқаны қанша уақыт пісіреді?
- мыналардың қайсысы уақыт бірлігі емес: секунд, апта, километр, ай. (километр)
- қандай бірдей үш санның көбейтіндісінің мәні 1 - ге тең болды. (1х1х1=1)
- қайыңда 28 алма өсіп тұрды. Оның 5 - ін қарға алып кетті. 4 - і жерге құлады. Қанша алма қалды?
- Ер адамнан неше балаңыз бар деп сұрапты? Сонда ол менің төрт ұлым бар және олардың әрқайсысының туған қарындасы бар - деп жауап беріпті. Оның неше баласы болған? (бес)
- қайсысы ауыр: 1 кг мақта ма немесе 1 кг темір ме? (бірдей)
- Салтанат кітаптың 16 бетін, ал Серік 8 бетін оқыды. қайсысы артық және неше есе артық?
- Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар? (барлық айда)
2 - кезең. Операциялық - орындаушылық кезең.
А) оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс
№ 1 тапсырма б 103 №3
А) Фигураның периметрін табу. Өзін - өзі бағалау бағдаршам
Оқушылар өздері орындайды, жұппен талдайды, өзара тексереді, қателерін түзетеді.
Ә) Жұптық жұмыс №3. Өзара тексеру. Бағалау. бағдаршам
Б) Өздік жұмыс.№6 Бағалау. Бас бармақ.
3 - кезең. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
(Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерін өзі немесе бір - бірін бағалайды.)
Рефлексия.
Бүгінгі сабақта
мен үйрендім:
маған қызықты болды
маған қиын болды
мен түсіндім
Сергіту сәті
Логикалық сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма Бет 104 №7
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау