Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 - 11 - сыныптарына арналған Қазақ әдебиеті пәнінен жаратылыстану - математика бағыты бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты - оқушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.