Кемпірқосақ көрінсе, Жаңбыр жауса қуанам

Скачать

Көктем
Көктем, көктем,
Ұшты құстар дүркіреп.
Көктем, көктем,
Жаңбыр жауды сіркіреп.

Көктем келіп, күн жылып,
Далада көп ойнаймыз.
Асық ойнап, доп қуып.
Ойынға бір тоймаймыз.

Қар еріп, су ағады
Жылғада, сай - салада.
Бар баланың көктемде
Есіл - дерті далада.

Кемпірқосақ көрінсе,
Жаңбыр жауса қуанам.
Күн - көктемді жырлаған
Дәулет деген бір балаң.


Скачать


zharar.kz