Сабақтың тақырыбы: Алты түлкі. Заттың санын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Алты түлкі туралы түсінік беру, мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жетелеу, заттың санын білдіретін сөздерді таба білуге үйрету, логикалық ойын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін топтық жұмыс арқылы коммуникативтік қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Формасы: топтық жұмыс, жеке - дара
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, ойын.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетінше жұмыс
Сабаққа дайындау
Үй тапсырмасын тексеру
Бір деген болымсыз сан,
Айтуға толымсыз сан.
Екі де оңып тұрған жоқ,
Орта сан Үш деген,
Жоқ онда күш деген.
Төрт деген жақсы баға,
Алады жақсы бала.
Үздік баға бес деген,
Еңсесі биік өзгеден.
Осылай саны артады.
Сан артса, мән артады.
- Бұларды бір сөзбен қалай айтамыз?
1. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Сөздік жұмысы
- Мәтін не туралы айтылған?
- Алты түлкі туралы не айтылған?
- Бес түлкі қандай түлкіге?
- Бес түлкі неге шолақ болып қалды?
- Біреудің кемшілігіне күлуге бола ма?
- Мәтіннен заттың санын білдіретін сөздерді ата.
Он қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Беске бесті қосайық,
Алақанды ашайық
Қазір мен тақтаға
Қайырымдылық сөзін тақтаға ілемін. Қай топ осы сөзден бірнеше басқа сөздерді көп құраса, сол топта көп ұпай болады. 2 минут уақыт беріледі.
№2 жазу дәптеріндегі тапсырмаларды талдау, орындау
Кім білгір? ойыны.
Өз ойларын жинақтап қағазға түсіру.
Алты түлкі
Содан кейін қорғайды.
өзін - өзі реттеу арқылы оқушы өздерін бағалайды