АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАМАНДЫҚТАРДА
«МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ» БӨЛІМІН МЕҢГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Мәліметтер қорына қоғамның қандай да бір саласының немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мағлұматтар жиынтығын жатқызсақ, мәліметтер қорымен басқару жүйелері – көп көлемді мәліметтерді сақтауға, оларға тиімді қатынау ұйымдастыруға және есептеуіш жүйелердің ресурстарын тиімді пайдалануға қолданылатын тілдік-программалық және инструменталдық құралдар кешені.
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің құрылымдарының күрделенуіне байланысты мәліметтер қорының да ұғымы күрделене түсетіні ақиқат.
Қандайда бір ақпараттық жүйедегі объектіге тиісті бірқалыпты мәліметтер жиынтығын мәліметтер кестесі деп атайды (FoxPro тілінде олар .dbf кеңейтуі бар файл). Ал сол кестелердің жиынтығы және олардың арасындағы байланыстардың бірігуін компьютерде мәліметтер қоры деп атайды. (Мысалы, ол FoxPro тілінде .dbc кеңейтілуі бар файл).
Мәліметтер қоры көптеген қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Олар әртүрлі өндірістік салада қолданылып, мәліметтер мен жұмыс істеуге ыңғайлы да, қарапайым құралдарды ұсынады. Мәліметтер қорының реляциялық моделі негізінде құрылып, жүзеге асқаннан бері, мәліметтер қорынының мүмкіншіліктері елеулі жоғарылады.
Есептеуіш желілердің дамуы үлестірілген мәліметтер қорының ролін арттырды. Клиент-сервер технологиясы үлестірілген мәліметтерді өңдеумен бірге орталықтан басқару және мәліметтерге қатынау мүмкіндіктерін біріктірді.
Адам өмірінің әртүрлі қызмет саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің кең түрде ендірілуі, электрондық түрде жинақталған әртүрлі көлемді ақпараттардың күрт өсуі, мәліметтер қорын басқару аймағы білімдерінің мәні мен ролі және біліктілігі арта түсуде.
Бұл мақалада мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 3 мамандықтың мәліметтер қорымен байланысты тематикасы мен оқыту көлемдерінің салыстырмалы талдауы көрсетілген.