Сырлы сұрақтар

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тараудағы алған білімдерін қайталай отырып, білімдерін бекіту.
Сабақтың міндеті: 1. Оқушылардың оқу - әрекеті арқылы алған теориялық білімдерін мысалдар мен деңгейлік тапсырмалар арқылы жетілдіру;
2. Тарау бойынша алған білімдерін ойындар арқылы дамыту, өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін арттыру;
3. Тарау тақырыптарын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, оқушыны сауаттылыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, ынтымақ пен бірлікке, жолдастық көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ойындар, сұрақ – жауап, сто әдісі
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
М: Балалар, қазір бәріміз тақтаға қарайық. Тақтада ойынының шарттарымен таныстырамын.
І.. Сырлы сұрақтар
ІІ. Тапқышбектің тапсырмалары
ІІІ. Қорытындылау
І. Сырлы сұрақтар бөлігінде Туған жерім - тұғырым, өскен елім - өзегім тарауын қайталау мақсатында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар берілген.
* Жайық өзені басында қандай өзен еді, ол қандай өзгеріске ұшырады?
Осы шығармадағы әкесі мен бала тағы қандай шығармада кездеседі?
- Агроном жайында шығарма? Ол оқиға қай жерде орын алған? Осы мәтіндегі ең өкінішті сәт?
- Алтын адам жайындағы шығарма? Шығарма авторы?
- Айнымайды аспаннан деп басталатын өлең, авторы кім?
- Асан бала жайындағы ертегі немен аяқталды?
- Тарауда ақын апамыздың өлеңдері берілген, ол кім және қандай өлеңдер?
- Ақша беті аймен тең.
Көркінен де ақылы басым,
Көршілердің кәрі – жасын
Сүйсіндірген қылығымен... - өлең жолдары қай шығармадан?
Мына сурет қай әңгімеде бейнеленген?(Толағай)
* Мына бала кім, ол қандай ерлік көрсетті? (Толағай)
- Нағыз малшы қандай болуы керек?
ІІ. Тапқышбектің тапсырмалары
1. Сәйкестендіру.
Қара шаңырағы, қасиетті бабалардың ------ Медеу.
Батыр да, ақын да, ғалым да баладан өседі ғой!----- Шаңырақ
Әрі 2 , әрі 5 қоюға лайық шығармасы бар.----- Ақ ірімшік
Кеме жүрісін бәсеңдетті.------ Су мен балық
Ол - сенің ғұмырлы анаң.------ Қармаққа түскен шағала
Ынтығады бар адам.------ Мен қалай жазушы болдым?
Қадіріңді білмедім,------------ Түркістан
Сайыстың нәтижесін анықтап, қорытындылау.
2. Қазақстанның үлкен қалаларының атын жазып шық.
Қазақстанның өзің білетін тауларын жазып шық.
Бекіту: Бес жолды өлең. Отан
Үйге: қайталау.


Скачать


zharar.kz