Интернет желісінде ақпарат іздеу әдістерін үйрету

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта
Информатика 6 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Интернет ұғымымен таныстыру. Интернет желісінде ақпарат іздеу әдістерін үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ғаламторда сауатты жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) бағалау
Г) жаңа сабақ
Д) бекіту
Е) үйге тапсырма
Ж) қорытынды

Жаңа сабақ
World Wide Web – Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. WWW мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және т. б. файлдар түрінде ұсынудан тұрады. Бұл файлдар бір – бірімен гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығы Web - құжат (Web – сайт. Web - site ) ретінде түсінеміз. Web – құжат бөлшек Web - құжат бөлшек Web – тұрады. Web - серверде бірнеше Web - құжаттар орналасқан.
Web – құжаттарды іздестіру және оған қатынас жасау арқылы нұсқағыш (идентификатор) – URL (Uniform Resource Locator) бойынша орындалады. Стандартты URL ақпарат берудің хаттамасын, ақпарат орналасқан компьютердің атын және оған қатынасу жолын белгілейтін 3 бөлімнен тұрады. Мысалы, ойыншық сатумен айналысатын Vermont Teddy Bearsкомпаниясының URL құрылымының көрінісі мынадай:
URL көрсетіп, пайдаланушы қажетті файлды нақты белгіледі.
Web - құжатты қарау үшін арнайы программалық жабдықтама керек.
Жоғарыда айтылғандай, WWW – ге арналған қолданба Web – браузер деп аталаджы. Internet Explorer (Microsoft фирмасы жасаған) және Netscape Netscape (Netscape Communications Corp. фирмасының) браузері е ң танымал. Web - браузерлер WWW – дан басқа Интернеттің басқа ресурстарында да (USENET телеконференциялары, FTR файлдық архивтері және т. б. ) қатынасуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Интернет ресурстарымен жұмыс істеп, операциялық жүйенің міндеттерін атқаруға мүмкіндік беретін Web – браузерлер жасау жоспарлануда. Мысалы, Netscape Communications Corp. компаниясы Netscape
Netscape браузеріне ОЖ – ға тән мүмкіндіктерге қосса, Microsoft өзінің Internet Explorer өнімін Windows ОЖ - ға біріктірді. Мұндай біріктірудің нәтижесі пайдаланушыларға таныс Windows интерфейсін сақтап, Жұмыс үстелін Web - беті түрінде бейнелеуге мүмкіндік жасады. Пайдаланушы тікелей жұмыс орнында Web - адрестерді пернетақтадан енгізу, Жұмыс үстелінде Web - беттердің таңбашасын орнату мүмкіндігін алды. Сонымен, қажетті бетте өзгеріс болған жағдайда, Internet Explorer хабарламаны автоматты түрде құрады. Бұл – биржа мәліметтерін, валюта курстарын және басқа оперативті ақпараттың Web - беттерін қараудың ыңғайлы құралы. Windows – тың осы версиясында Жұмыс орны Active Desktop (Активті жұмыс үстелі) деп аталады және онда жаңа Outlook диспетчері болады, ол Web - элементтер мен дәстүрлі ақпараттың тиімді бірігуін қамтамасыз етеді.
Іздеу каталогтарын құрастыру.

Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы
Ш. Ұлан ауданыБашиков атындағы негізгі мектеп КММ
Информатика пәні мұғалімі: Үсенова Айым Үсенқызы


Скачать


zharar.kz