Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары,
Бір ғажап от лапылдатып барады.
Шұғыласы алаулаған жалынның
Албыраған екі бетке тарады.
Сонда жігіт сүйінді:
- Кім тапты екен сүюді?!
Білсем, іздеп барар ем,
Тәңіріге санар ем!
Енді бірде момақансып жанары,
Қабағынан қар жауды да түксиді.
Жүрегінің жалындаған алауы
Баяғыдай лапылдамай бықсиды.
Сонда жігіт күйінді:
- Кім тапты екен сүюді?
Білсем, іздеп барар ем,
Басын шауып алар ем?