Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Зерттеу мақсаты. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;
- Емделушілер арасында сауалнамалар жүргізу;
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
- Алоэ өсімдігінің емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;
- Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалық мәні болып табылады.
Елімізде өсетін 20 мыңнан
астам түрлерінің
2500 – інің шипалық маңызы бар.
Бұның 600 - ге жуық түрінен
дәрі дайындауға
шикізат ретінде пайдалануға
болады.
Алайда медицинаға 200 - ге жуық
дәрілік өсімдіктер
түрі белгілі.
. Қазақстанда өсетін 6000 - ға жуық
өсімдіктің түрінің
500 - і дәрілік өсімдіктерге жатады. Алоэның қолданылуы және басты ем болатын
аурулары және дайындау әдістері
1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1, 5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.
2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.
3. Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.
4. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.
5. Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.
6. Адамның тәбетін ашуға, іш қатқанда, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. [ 4]
7. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден - бір ем болып табылады