Балқашқа құятын өзендер

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Балқаш көлі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Балқаш көлінің табиғатын, көлге құятын басты өзендер мен батыс бөлігі, тұщы шығыс бөлігі тұзды болып келуін түсіндіру.
Дамытушылық: Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жер табиғатына ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Оқу еңбегіне қажетті біліктіліктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Адамның табиғаттағы рөлін анықтап экологиялық проблемаларды шешу жолдарын таба білуге үйрету.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суреттер, кестелер.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Сабаққа дайындығын тексеру
Назарын сабаққа аудару:
2. Қайталау
Жер бедерінің формаларына бақылау
Ия , Жоқ жауаптарын беру
Сұрақтары:
1. Ертіс өзені Қазақстандағы ең ұзын өзен.
2. Жайық өзені Тұран жазығын екіге бөледі.
3. Каспий теңізі алабына Сырдария өзені жатады.
4. Жер бедерін өзгертетін сыртқы күштердің бірі адам. Адам жер бетіне жағымды және жағымсыз әсер етеді.
5. Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралдарында орналасқан жер шарындағы ең тұнық көл.
6. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуімен Қара теңізден бөлінеді.
7. Арал теңізі – жас тұран таңбасының үстінде орналасқан көл.
3. Жорға жарысы: 1. Солтүстік мұзды мұхит алабына сипаттама бер.
2. Каспий теңізі алабына сипаттама бер.
3. Арал теңізі алабына сипаттама бер.

4. Жаңа сабақ: Қазақстандағы ауданы жағынан Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі үшінші көл – Балқаш көлі. Ол республиканың оңтүстік шығысында Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 342м биіктікте жатыр. Балқаш көлі батыс және шығыс болып екіге бөлінеді. Батыстың тереңдігі 6 - 12 м, шығысы 15м. Балқаштың ең терең жері 26м, шығысында көптеген түбектер мен шығанақтар, мүйістер бар. Ірі аралдары – Бесарал, Қаратал. Балқашқа құятын өзендер: Іле, Ақсу, Лепсі, Қаратал, Аягөз, Бақанас және т. б. Көлдің батыс және шығыс бөліктеріне құятын беткі ағысының бір – бірінен үлкен айырмасы бар. Көлде екі түрлі ағыс бар: 1. Іле өзені алып келген мол су батыс бөлігіне құяды, одан пайда болған ағыс сағат тілінің бағытымен шығысқа қарай қозғалады. 2. Жел ағысы солтүстік – батыс желдерінің жерімен пайда болады. Балқаш суының тұздылығы біркелкі емес. Батыс бөлігінде Іле өзенінің құяр жерінде суы тұщы, ал шығыс бөлігінің тұздылығы – 5, 2% Климаттың контингенттігіне байланысты көл суының температурасы қыста төмен, жазда жоғары болады. Көлдің жағалауындағы қалың қамыс қоғаларына көптеген құстар ұя салады. Көлде – қаз, үйрек, шағала, аққу және басқа да суда жүзетін құстар бар. Балқаш көлінде кеме қатынасы үзілмейді. Батыс айлақтары: Балқаш, Сарышаған, Бурылбайтал, Бөрлітөбе. Көлдің солтүстік жағасында мыс балқыту комбинаты жұмыс істейді. Көлдің суын Балқаш кен металлургия комбинаты кеңінен пайдаланылады.
Сергіту сәті. Теңге алу
Артына сұрақ жабыстырылған теңгелер үстелдің үстіне төңкеріліп қояды.
Оқушылар сұраққа жазбаша жауап береді.
1. Жылдық ағын деген не?
2. Су шығын деген не?
3. Қандай табиғат зоналық өзендер бар?
4. Жайық өзенінің салаларын жаз.
5. Іле өзенінің қандай ірі салаларын білесін?
6. Қандай көлдер тектоникалық көлдерге жатады?
Сабақты қортындылау.
Зейін диаграммасы:
Проблема Комментарии Шешу жолдары
1. Каспий теңізі теңіз деңгейінің көтерілуі. Мұндай қалдықтарының көп қалуы.
Каспий құятын өзендердің деңгейінен арнауы жауын – шашын мөлщерінің көбеюі, теңізден және теңіз маңынан мұнай мен газды өндірудегі қалдықтың көп алынуы. Каспий теңізіндегі мұнай және газ кен орындарында экологиялық нормаларды сақтауы туралы мемлекет қорынан заң шығару қажет.
2. Арал теңізі Теңізді қорғауы Көлге құятын өзендердің мөлшерінің азаюы. Өзен суларында орналасқан бөгендерді қалыптастыру.
3. Балқаш көлі. Көл деңгейінің төмен түсуі. Көлге құятын өзен суларының мөлшерінің азаюы. Қапшағай СЭС – ы тоқтату – жұмыстарын қалыптастыру және т. б. Рефлексия
Үй тапсырмасы: Балқаш көлін оқу.
Тест сұрақтарын құрастыру.


Скачать


zharar.kz