Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: §24. Анимациялық графиканы құру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме 5. 3. 2. 2 - алгоритмді сөз түрінде ұсыну
5. 3. 3. 1 - ойын ортасындағы программалау кезеңінде тармақталу командаларын қолдану (Лого, Scratch)
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:
Ойын программасында әр блоктың командаларымен жұмыс жасай алады
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Фондар кітапханасынан алынған спрайтқа сәйкес келетіндей фон бере алады
Программада қадам санын енгізіп, өзгерте алады
Кейбір оқушылар істеуге қабілетті:
Ойын программасында тармақталған командаларды қолдана отырып анимация құра алады
Бағалау критерийі Scratch бағдарламасында нысандармен жұмыс жасай біледі
Тармақталу командаларын қолданып бағдарлама құрады.
Scratch бағдарламасында фонды, қадам санын өзгерте отырып анимация құра алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар істей алады:
Scratch бағдарламасында нысандардың атауларын дұрыс қолдана алады.
Пәндік лексика мен терминология:
Спрайт, скрипт, графика, сахна, блок, команда, сенсор, оператор
Құндылыққа баулу Өз бетімен АКТ - ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс Математика, бейнелеу, орыс тілі
Тақырып бойынша алдыңғы білім Scratch бағдарламасының интерфейсі туралы біледі. Программа блоктарымен таныс.
Мектеп: №47 ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты - жөні: Мухтарова Гүлназ Бахтыгерейқызы