Тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сан есімнің сұрақтарымен таныстыру, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар, қуаныш сыйлау. Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
56 – жаттығу Марқакөл қорығы тақырыбына әңгімелерін оқыту.
ІІІ Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жан - жақты білімдерін тексеру
Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Сергіту сәті: электронды көзге арналған сергіту сәті.
Ү Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс 57 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
Сан есімдерге сұрақ қойып, астын сыз.
Бұлар қандай сан есімдер?
Есептік пе, әлде реттік пе?
58 - жаттығу Анаграмманы шеш. Сан есімдерді тап. Бұлар қандай сан есімдер?
Қос сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға болады?
59 - жаттығу сандарды сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
61 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен сан есімдерді байланысқан сөзімен бірге теріп жаз.
ҮІІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІІ Үйге тапсырма: 60 – жаттығу. Ребусты шеш. Қандай мақал шығады. Мақалды жаз. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
ІХ Оқушыларды бағалау
Бағалау смайликтерін тарату