Наурыз мейрамы туралы түсінік беру

Скачать

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Наурыз - думан, наурыз - той атты таңғажайыптар алаңы ойыны
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғамда жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Ойын
Көрнекілігі: Слайд.
Құралдар: Интерактивті тақта
Кіріспе:
Наурыз - думан, наурыз - той атты таңғажайыптар алаңы ойынын бастаймыз. Сіздердің белсенділіктеріңіз, алғырлықтарыңыз ойынның сәнін келтіріп, оны қызықты, мазмұнды және есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді. Ойынға оқушылардың барлығының қатысу құқы бар.
Ойын ережесі:
 Ойын 3 турдан тұрады. Әр турға 3 ойыншыдан қатысып отырады. Ойыншыларды залдан сұрақ қою арқылы таңдайды.
 Ойын кезінде залда отырғандар ешкімге көмектеспеуі керек.
 Ойыншылар кезекпен - кезек әріптерді атайды. Егер ойыншы әріпті дұрыс таппаса, кезек келесі ойыншыға өтеді.
 Әр дұрыс табылған әріп үшін ойыншыға 1 ұпай беріліп отырады.
 Егер ойыншы жауабын біліп тұрса, кезек өзіне келгенше айтуына болмайды.
 Үш турдың жеңімпаздары финалға шығады.
 Жеңімпаз ақтық мәре ойынын ойнайды. Жеңімпаздың қолында 3 - 4 ұпайы болса 1 әріпті, 5 және одан көп ұпайы болса екі әріпті ашуға құқылы.

І тур ойыншыларын іріктеу тапсырмалары
1. Халқымыздың ұлттық мейрамы Жауабы: наурыз
2. Қазақша жыл басы… Жауабы: наурыз
3. “Жаңа күн” сөзінің парсы тілінде мағынасы Жауабы: наурыз

Үш сұраққа жауап берген 3 оқушыларды ортаға шақырып, бірінші жауап берген оқушыға алаңды айналдыру құқығы сізде деп ұсыну керек! алаң айналып тұрғанда І турдың сұрағын оқу керек.
І тур
Қазақ халқының көшіп қонуға қолайлы көне баспанасы қалай аталады?


Скачать


zharar.kz