Абай мұрасы - мәңгілік мұра

Скачать

1 - жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, ұлысын ұлықтап, арысын ардақтап, тарихы мен тағылымын егіз еткен арманы өрге, қиялы көкке жетелеген Мәңгілік елдің ұландары!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, қазақылығының қаймағы бұзылмаған, шұғыласын шашып тұрған шырайлы Шымкент шахарының төрінен орын алған мектебіміздің қонақтары мен ұстаздары!
2 – жүргізуші: Сақ дәуірінен бастау алған Мәңгілік тіліміздің мәртебе алған күніне орай өткізілетін Хакім Абайдың 170 жылдық мерей тойына арналған мерекелі іс - шарамызға
1, 2 – жүргізуші қош келіпсіздер!
1 - жүргізуші: Тоныкөк бабамыз: түнде – ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі мәңгі елім үшін! - деген екен.
2 - жүргізуші: Иә, бұл кешегінің ұраны, бүгіннің арманы, келешектің еншісі.
1 – жүргізуші: Қазақ хандығының қара шаңырағын тіккен Керей мен Жәнібектің жан мұңы да, өз ақылшысы Асан қайғы армандаған жұмақ мекенде өз халқын бақытты ету емес пе?
2 – жүргізуші: Дұрыс айтасың, Керей мен Жәнібек құрған алып хандықты ең дала төсінде сақтап тұру – ұрпақтар еншісінде болды.
1 - жүргізуші: Ал Әз Тәуке хан ел іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты біліктілікпен жүргізіп, елдің ішкі жағдайын реттеу үшін қазақтың атақты билерімен бірігіп, Жеті жарғыны жасаса
1 – жүргізуші: Біріксең ел боласың, өзгемен тең боласың деп елдікке бастаған хан Абылайдың да аңсағаны есіл жұрттың ертеңгі амандығы, баланың баба топырағында ғұмыр сүрсін деген ниеті емес пе?
2 – жүргізуші: Нұркен, тарихты тұлғалар жасайтынына келісесің ба? Абай елді түзету арқылы елдің ертеңін нұрландырғысы келді, сол арманның жетегінде өмір сүрді. Қазіргі тұста Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс, - дейді.
1 – жүргізуші: Ендеше, бабаларымыз мұра етіп қалдырған Ұлы даламыздың тарихи тағлымы мен Абай толғаған Мәңгілік тілімізді құрметтей білейік ардақты, ағайын!
1 - жүргізуші:
Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.
Көлеңкелі кеудесіне қазақтың
Шымырлаған шуақ болып тарайды.
2 - жүргізуші:
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.

1 - жүргізуші:
Ия, бүкіл әлемге әйгілі Абай – мәңгілік тақырып. Елбасымыз: Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық бізге керек дейді
2 - жүргізуші: Ел іргесін бекітіп, өткені мен болашағын таразылайтын мұндай іс - шаралар бейбітшілік пен келісімнің арқасы деп білемін.
1 – жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен, тілегі бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.


Скачать


zharar.kz