Дастарқанды жабдықтау және сулықтарды бүктеу

Скачать

Ақтөбе қаласы.
Технология пәні мұғалімі
Шангытбаева Гүльсим Нарымбетовна

Сабақтың тақырыбы: Дастарқанды жабдықтау және сулықтарды бүктеу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сулықтың қажеттілігі туралы мағлұмат беру, сулықты бүктеуді үйрету.
Білімділік: дастарқанды жабдықтау, сулықтардың бүктеу тәсілдерін үйрену.
Дамытушылық: сулықтарды әр түрлі тәсілмен бүктеу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, бүктеу тәсілдерінің түрлерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: аралас, сарамандық..
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, сулықтардың түрлері, буклеттер, шай дастарқанының ыдыс - аяқтары.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар арқылы жауаптар алу.
1. Көкөністің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Осы көкөністер неше топқа бөлінеді?
3. Көкөніс топтарын ата, оларға не жатады?
4. Тамыр жемісті көкөністерге не жатады?
5. Жемістілерге не жатады?
6. Осы көкөністер не үшін қажет, олардан не істеуге болады?
7. Оларды дастарқанға қоюға бола ма?
8. Ал дастарқанды қай кезде жабдықтайды?

Мұғалім: Ыстық шай шөліңді қандырып, жаныңды жадыратып, бойыңды жылытып, сергітеді екен.
- Енді осы шайды қалай демдейміз?
- Ал кофені қалай демдейді екен?
- Осы жұмыстардың бәрі қай жерде жүргізіледі?
- Ал ас үй қандай болу керек?

3. Жаңа сабақ.
Дастарқан жақсы жасалып, онда емін - еркін отырған жағдайда ғана дәмді етіп дайындалған тамақтан ләззат алуға болады. Дастарқан әрқашан да таза болуға тиіс.
Дастарқанды дұрыс жасақтаумен бірге гүлдер мен ою - өрнектердің үйлесуінде ескеру қажет. Егер ыдыс - аяқ әшекейлі болса, бір түсті дастарқан жаю керек. Ас ішетін сервиз бір түсті болған жағдайда дастарқан бір түсті де әшекейлі де бола береді.
Дастарқанды үстелге жайғанда шеттері 20 - 30 см. түсіп тұру қажет.

Таңертеңгі, түскі, кешкі асқа, әр түрлі қабылдауларда, банкеттерде, арнайы қонақтарды күткенде дастарқан жабдықтауда сулықты қолданамыз.

Сөзжұмбақ. Сулық .
1. Үй жиhазы.
2. Нан және азық - түлік түрлерінен жасалатын тағам.
3. Ұлттық бас киім.
4. Ас ішетін құрал.
5. Көкөніс түрі.



Скачать


zharar.kz