Есептер шығаруға машықтандыру

Скачать

Пәні: Математика
Сыныбы: 6
Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сызықтық функция анықтамасын түсіндіру, графигін салу, білім - біліктерін тексеру. Есептер шығаруға машықтандыру.
Дамытушылық: Функция графигі арқылы формула жазу, график салу дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сабақ барысында ойын арқылы оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жігерін арттыру, намысын қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім игерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, есеп шығару, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірме қағаз.
Сабақтың өтілу барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу әдебі
Ә) Сабаққа қатысуын бақылау: кезекші оқушы арқылы түгендеу
II. Өткен материалды еске түсіру:
Есептерді тексеру, үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын пысықтап бекіту:
1) Функция дегеніміз не? (Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды)
2) “Функция” терминін математикаға енгізген ғалым кім және қазақша мағынасы қандай? (“Функция” терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі, философы, әрі өнертапқыш тарихшы Готфрид Вильгельм Лейбниц болатын. “Функция” латынның functio сөзінен шыққан, қазақша “орындау, атқару” дегенді білдіреді).
3) Аргумент дегеніміз не? (Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады).
4) Кестенің қадамы деген не? (Кестенің қадамы дегеніміз - аргументтің қатар тұрған екі мәннің айырмасы)
IY. Жаңа сабақ
y = kx + l (мұндағы x - тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.
у = kx + l функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.
Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.
Егер у = kx + l формуласындағы k = 0 болса, у = 0x+l, онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.
Сызықтық функцияның графигі
У = 1, 5x - 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.
Ол үшін x пен y - тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.


Скачать


zharar.kz