Бұлбұл күйін тыңдау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Күй тартыстың мәні
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Күй тартыс туралы мағлұмат беру, күй тартыс түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - қабілетін, шығармашылығын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Балалардың қазақтың аспаптық өнеріне деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, сөз жұмбақ шешу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, күй жазылған дискілер, сөзжұмбақ, домбыра, баян аспаптары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
2. Негізгі бөлім. Психологиялық тренинг.
- Балалар музыка дегенде не ойлайсыңдар? (Көз жұмып отырып, ойланып жауап береді)
- Ән, өлең, күй, әнші, күйші...
- Дұрыс. Ендеше, бүгінгі сабағымыз күй тартыс туралы болмақ. Күй туралы сұрақтар:
Күй деген не?
Күйші деп кімді айтады?
Күй қандай аспапта орындалады? Белгілі күйшілерді атаңыздар. Сендер қазақ тілінен түбірлес сөздерді өттіңіздер, күй сөзіне түбірлес сөздерді айта аласыздар ма?
Жауабы: күйші, күйе, күйгелек, күйдіргі.

3. Жаңа сабақ. Күй тартыс дегеніміз не соған тоқталайық.
- Күй тартыс - халық арасында кең тараған өнер. Күй тартыстар үлкен той, мерекелерде орындалатын болған.
Күй тартыстың үш түрі бар: 1. Домбырашының орындалушылық шеберлігін көрсететін күй тартыс;
2. Домбырашының күйшілік - композиторлық өнерін көрсететін күй тартыс (сайыс үстінде жаңа күй шығара білу;
3. Естіген күйін бірден қайталап тартып беретін күй тартыс. Тартыстың бұл түрі ең қиыны болып саналады. Күйшілер тәжірибе алмасу үшін де күй тартысқа түскен. Оған Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күй тартысын алуға болады. (101 бетті түсіндіру ) Дәулеткерей тартыс үстінде атақты күйлерімен қатар жаңа бір күй таратады. Ол Бұлбұл күйі болатын. Бұлбұл күйін тыңдау. - Құрманғазы бұл күйден зор әсер алып, Бұлбұлдың құрғыры деген күй шығарады. ( Бұлбұлдың құрғыры күйін тыңдау). Күй тыңдалып болғаннан кейін, алған әсерлері туралы сұрау - Сендер күйден қандай әсер алдыңдар?
Күй әуені қандай?
Екі күйдің қандай айырмашылығы бар?
Күй әуені баппен басталып, біртіндеп жігерленеді. Құлағыңды құнықтырып, көкірегіңді күмбірлетеді.

4. Жаңа ән үйрету. Әгугәй, домбыра . Әннің авторы белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев. Ол Сырғалым , Қара кемпір , Қара шал , Бозторғай , Жиырма бес , Үш қоңыр , Сағындым Алматымды т. б әндердің авторы. Оның Бозторғай әнін алғаш рет әнші Мейрамбек Беспаев орындады. Әгугәй, домбыра әні үйретіледі.
5. Нота сауаты. Нүктелі нота. Музыкада нота дыбысын созатын белгі бар. Ол нүктелі нота деп аталады. Нота қасына қойылатын нүкте сол нотаны ұзақтығының жартысындай ұзақтыққа созады. Нүктелі нота осы сабақта үйренген Әгугәй, домбыра әнінде кездеседі.

6. Жаңа сабақты бекіту. Ойын Орнын тап
Оқушылар 7 нотаның артына жасырылған сұрақтарға жауап беріп, ноталарды нота сызығына апарып орналастырады. Сұрақтары
- Күй тартыс дегеніміз не? - Күй тартыстың неше түрі бар? - Күйшілер күй тартысқа не үшін түскен? - Күй тартыстың қай түрі ең қиыны болып табылады?
- Нүктелі нота дегеніміз не?
- Қазіргі кездегі белгілі күйшілерді ата
- Қүй дегеніміз не?

7. Қорыту.


Скачать


zharar.kz