Химиялық жұмбақтар

Скачать

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Келдімұрат ауылы, Благодарное орта мектебі КММ,
І санатты химия пәнінің мұғалімі
Боранбаева Бақтыгүл Боранбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Металдар тақырыбын қорытындылау, қайталау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың металдар туралы алған білімдерін толықтырып, жинақтап, қорытындылау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу. Сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, жеріміздің байлығын игерудің жолдарын көрсетіп, әлемдік экономикадағы еліміздің әлеуметтік мүмкіндіктеріне көз жеткізіп, оқушылардың білімге құштарлығын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Қайталау, қорытындылау сабағы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Химиялық жұмбақтар.
1. Күмістей түсі жылтыр, өзі суық
Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп
Көрсететін суықты жылуды анық
Қандай зат құрал жасар оны құйып

2. Сұрғылт түсті кәдімгі металмын
Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын
Негізгі пәтерім 24 - көшеде болса да
Кендерім Мұғалжар тауында жатырмын.

3. Болмаса да айтарлықтай салмағым
Мен көбінен ардақтымын алдамын
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап
Жердің жүзін көк аспанды шарладым
Қымбат болдым алтыннан да ертеде.

4. Ақ металл айналады су бетінде тыным таппай
Бейне бір жүргендей – ақ ол өзіне орын таппай

Сұрақ:
Бұл жұмбақтардың барлығы қандай заттар туралы? Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы металдар

Ой қозғау сұрақтары:
1. Металдар Менделеев жасаған Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде қалай орналасқан?
2. Металдардың атом құрылысының ерекшеліктері...
3. Металдардағы химиялық байланыс түрі...
4. Металдық кристалл торларының типтері...
5. Металдардың валенттік пен тотығу дәрежелері...

Ендігі сөз кезегін болашақ мамандарға берейік.
Оқушылар 5 топқа бөлінеді.
1. Тарихшылар мен географтар
2. Металлургтер
3. Химиктер
4. Биологтар
5. Аналитиктер
Тарихшылар мен географтар тобы өздерінің дайындаған мәліметтерін айтып, қалған 4 топқа Сәйкесін тап ойынын ұсынады.


Скачать


zharar.kz