Қазақ тілі сабақтарында алған білімдерін жүйелеу

Скачать

Іс – шараның тақырыбы: Миллионды кім ұтады?
Мақсаты:
1. Білімділік: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл модулі бойынша алған білімдерін қорытындылау.
2. Дамытушылық: Қазақ тілі сабақтарында алған білімдерін жүйелеу.
3. Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын бір - бірімен сайыстыру, ойын арқылы молайту.

Іс - шараның көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайдтар, плакат, қағаздар, қаламдар, шарлар, музыка, марапаттау дипломдары.
Іс - шараның барысы:
I. Мұғалімнің сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, мұғалімдер! Біздің Миллионды кім ұтады? сайысымызға қош келдіңіздер. Біздің іс - шарамыз Тілдер апталығына арналады.
Тіл - халықтың жаны, елдің қасиеті, ұлттық болмысы, атадан қалған асыл мұра. Тіл - асыл ойдың бұлағы, ел басқарудың құралы. Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры, елдігіміздің іргетасы. Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл. Қазақстан республикасының барша азаматы мемлекеттік тіл - қазақ тілін меңгеруі тиіс. Бүгін біз мұғалімдеріміз бен сыныптастарымызға тілді білу деңгейімізді, өздеріміздің білімдерімізді көрсете аламыз.
Ойынға қатысушылар: 7 - сынып оқушылары -
Щавинская Диана, Морланг Людмила, Кирепко Роман.
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
II. Ойынның барысы:
- Таныстыру. Әр оқушы өздерін таныстырып өтеді.
Мультимедиялық тақтада сұрақтар слайдтармен берілген. Оқушылар кезекпен жауап береді.
1 - сұрақ:
Суретте қандай жемістер бар?
(алма, алмұрт, жүзім, өрік, қарбыз)
2 - сұрақ:
Қазақ тілі қандай тіл?
3 - сұрақ:
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін нешінші жылы алды?
4 - сұрақ:
Қазақ тілінде кімдер сөйлеген?
5 - сұрақ:
Сен қазақ тілін жақсы білесің бе?
6 - сұрақ:
Қазақша сөздік қор мол болу үшін не істеу керек?
7 - сұрақ:
Таныс емес сөздер кездескенде не істейсің?
8 - сұрақ:
Сенің анаң қай тілде сөйлейді?
9 - сұрақ:
Сенің әкең қай тілде сөйлейді?
10 - сұрақ:
Сен қай тілде сөйлейсің?
11 - сұрақ:
22 қыркүйек қандай мереке?
12 - сұрақ:
Елтаңбаның авторлары кімдер?
13 - сұрақ:
Әнұранның авторлары кімдер?
14 - сұрақ:
Тудың авторы кім?
15 сұрақ:
Сенің ана тілің қай тіл?
16 сұрақ:
Қазақ тілі қай топқа жатады?
17 - сұрақ:
Қазақ тілі сабағында не істейсіңдер?
18 - сұрақ:
Саған қазақ тілі сабағын кім береді?
19 - сұрақ:
Ең көп тараған тіл қайсы?
20 - сұрақ:
Екінші орында қандай тіл?
21 – сұрақ:
Қазақ тілі қай елдерде тұратын қазақтардың ана тілі?
22 - сұрақ:
Қазақ тілі ненің тілі?
23 - сұрақ:
Қазақ тілін ұмытып қалмау үшін не істеу керек?
24 - сұрақ:
Тіл туралы Заң нешінші жылы қабылданды?
25 - сұрақ:
Полиглот
Берілген сөздерді оқушылар қазақ тілі мен ағылшын тілдеріне аударады.
Школа
Ручка
Родной язык
Цветы
Учитель
Государственный
Статус
Закон
Родной язык
Осень
III. Қорытынды: әділқазылар алқасы жиналған ұпайларды санап шығып, қорытынды жасайды.
IV. Марапаттау рәсімі.


Скачать


zharar.kz