Бүгінгі мектебімізде өткелі жатқан Бабалар салған сара жол атты кешімізге қош келдіңіздер

Скачать

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
"№4 жалпы білім беру орта мектебі" ММ
Ахметова Жанар
Жүргізуші: Қайырлы күн, бүгінгі конференцияға қатысушы ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі мектебімізде өткелі жатқан Бабалар салған сара жол атты кешімізге қош келдіңіздер!
Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес. Тәуелсіздік дегенде ұлан - байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыз - ай! Сендерге байтағымыздың төріндегі барлық қалалардың орталық алаңдарында алтыннан еңселі ескерткіш тұрғызып қойсақ та артық болмас еді. Бүгінгі кешіміз де Республикамыз көлемінде тойланып жатқан ірі шаралардың бірі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналмақ.
Бейнеролик көрсетіледі.
Жүргізуші: Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды. Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Баян, Олжабай, батырлар қостаған қазақ сарбаздарының қолы талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, ата жауларымен кескілескен шайқастар өткізді.
Жүргізуші: Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімнің орындауында Тарих - ғасырлар куәсі тақырыбындағы баяндамасын тыңдайық.
Жүргізуші:
Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Би: Жұмыр қылыш . Орындайтын:

Жүргізуші: Қызыл күнді шаң жапты, қара жерді қан жапты. Ажал оғы құлатты талай батыр саңлақты. Бірақ, Абылай хан бастаған айбынды батырлар қазақ хандығының туын құлатқан жоқ! Бұл еліміздің тәуелсіздігін қорғап қалу жолындағы жан алысып, жан беріскен қиян - кескі майдан болатын.

Абылай ханның жаужүрек немерелері Кенесары мен Наурызбай төрелер бастаған, Ағыбай, Жанайдар, Иман, Жоламан, Бұғыбай, Жәуке, Сұраншы, Бәйсейіт, Жеке батырлар қостаған қазақ сарбаздары да Ресей империясының бодандығынан бас тартып, туған жер төсін тұлпарларының тұяқтарымен дүбірге бөледі. Арыстандай айбат, жолбарыстай қайрат көрсетті.
Абылай хан драмасынан көрініс тамашалайық.

Жүргізуші:
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ, бірақ...
Онда ортаға тасталар ұран сондай,
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай.
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша.
Жығылған палуанға да бәйге берем,
Адалдығы сезіліп тұрар болса!- Нұрғыса Тілендиевтің Әл қисса күйі. Орындайтын:
Жүргізуші:
Сарыбайдан болды айтқыш сөз шебері,
Тілінен тебіренсе бал таматын.
Әзілкеш, Сәдір, Бекіш, Жабағы би,
Көделі қамқа тондай жамылатын
Дүр Оңғар, би Төребай, Ағытайлар,
Теңі жоқ тұлпар еді топты жарған.
(Мектеп оқушыларының орындауында мәнерлеп оқу)

Жүргізуші: Дархан елім не деген шалқар едің
Байтақ далам дастансын айтылмаған
Орман көлім кіндік қан тамған жерім
Өзіне кеп басады аңсаган арман демім

5 сынып оқушысының орындауында Жаса, Қазақстан! әні.

Жүргізуші: Бүгінгі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Бабалар салған сара жол атты кешімізді аяқтай келе, баршаңызға көріскеше күн жақсы дейміз. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!


Скачать


zharar.kz