Абай әндеріне шолу

Скачать

Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің
музыка пәнінің мұғалімі: Жексенгулова Куляш

Тақырыбы:Пән аралық байланыс тәрбие берудің сара жолы. Абайдың сыршыл әндері

Әр мұғалімнің сабақта үнемі ескеріп, назарда ұстайтын мәселесінің бірі - пәнаралық байланыс.
Оқытудың жаңа технологиясы - бұл мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, өзгерте оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке дарынын ұштауға мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыстыру алған білімді толық меңгеруге септігін тигізеді.
Ең ұтымды, ыңғайлы әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды қызықтыра отырып, ойлауға іс әрекетке түсіруге жұмыстану - менің басты қағидам. Осы бағытта өткізген сабағымның бірі: Абай әндері.
Сабақтың тақырыбы: Абай әндері
Білімділік мақсаты: Оқушыларға өмірі мен шығармашылығы туралы терең ұғындыра отырып, тиянақты білім беру.
Дамытушылығы: Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, әндері арқылы жан - жақты танымдық есте сақтау, ести білу қабілетін, музыкалық сезімін дамыту.
Тәрбиелілігі: Өз халқының музыкасына құрметпен қарау, ұлы ақынның әндерін үйрене отырып, сергек, қияли, рухани интелектуал тәрбиелеу, сұлулық пен көркемдікке талпындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Формасы: Интеграциялық
Өткізу әдісі: Топпен жұмыс, баяндау, тыңдау, сұрақ – жауап.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиеті, сурет, тарих.
Көрнекіліктер: Портрет, тірек - сызбалар, слайдтар, сырнай аспабы, карточкалар, үнтаспа, әндер жинағы.
Жоспар:
1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ
Абай Құнанбаев өмірі, шығармашылығы.
Абай әндеріне шолу.
Ән “Өзгеге көңілім тоярсың”
3. Қорытынды.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасы.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын музыка тыңдау арқылы сабақтың тақырыбын ашып алдым. Сұрақтар беру арқылы оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, өткен сыныпта оқығандарын бүгінгі материалмен байланыстылығын - яғни байланыстың интеграциялық түрін іске асыру мүмкіндіктері туады. Ендеше Абай адамзаттың ғұмыр бойы игеретін, ғажайып әлемі, бүгінгі сабағымызда Абайды тағы да тани түсеміз.
Оқушылар үш топқа бөлінді, бірдей Абай тақырыбы берілді.
алдарына дайын қағаз беріледі.
ә) Абай тақырыптарына өз білетіндерін жазады;
б) Топпен жұмыс жүреді. (ешкім бос отырмайды, ізденіс, ой үстінде)
Әр топтан бір оқушы шығып, өз жазғандарын оқып, тақтадағы кестені толтырады, Абай туралы түсінік беріледі.


Скачать


zharar.kz