Ана туралы мақал - мәтелдер айту, дүнитанымдарын кеңейту

Скачать

Бастауыш сынып мұғалімі Назгуль Джамбулова

Сабақтың тақырыбы: В. А. Сухомлинский Ақ шаш
Сабақтың айдары:
Анадан – ниет,
Атадан – тәртіп.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың В. А. Сухомлниский туралы түсінігін кеңейту; Ақ шаш әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу, оқушылардың таным мүмкіндіктерін ашу.
2. Сабаққа деген қызығушылық арттыру; Ана туралы мақал – мәтелдер айту, дүнитанымдарын кеңейту; оқушылардың сөздік қорын, ой санасын дамыту.
3. Оқушылардың имандылыққа, үлкенді сыйлауға, анасын қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақ кезеңдері:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
- Мәтінді талдау
- Шығармашылық тапсырма
IV. Cабақты тиянақтау
Y. Қорытынды
YI. Үйге тапсырма

Ұйымдастыру
Бүгінгі жұма күні өтетін ана тілі сабағымызда сәттілік тілеп, бір – бірімізге жарқын жүзбен қарап сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасы
Тыйым сөздер

Ана
Өзіңсің сүйікті анам құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген махабатты,
Нұр толы қос жанары білдіретін.
Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан қайғы болса, күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әрбір күнім өлең.

В. А. Сухомлинский (1918 - 1970)
Өмірбаяны
Василий Александрович 1918 ж. 28 қыркүйекте Васильевка селосында, қазіргі Кировоград облысында дүниеге келген. Осында оның балалық және жастық шағы өтті. Өзінің педагогикалық еңбегі үшін ол екі рет Ленин орденімен марапатталды. 1957 жылдан В. А. Сухомлинский Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент - мүшесі, 1958 жылдан Украинаның еңбек сіңірген мұғалімі. 1968 жылы ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сол жылы СССР В. А. Сухомлинский – жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыми мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.

Сұрақтар
1. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
2. Мишаның байқампаздығын қалай аңғардық?
3. Анасының жауабы қандай болды?
4. Келесі сұрағына анасы не деп жауап берді деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс
I топ
Осы мәтінге байланысты
қандай
мақал – мәтелдер айтуға болады?
Анаң сені жақсы көргенін
қандай сөздермен білдіреді?
II топ
Өлеңді аяқта
сыйлаймын -------- панасың
тыңдаймын -------- данасың
аламын ------------- ақтаймын
баламын ---------- анашым

ІІІ топ
Менің анам шағын әңгіме
IV топ
Ана туралы өлең

Қорытынды
1. Үйдің “Алтын қазығы” кім?
2. Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
3. Ананың мей3рімі қай жерінен көрінеді?
4. Ана тылсым дүниенің кімі?

Үй тапсырмасы: 191 беттегі мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау.


Скачать


zharar.kz