Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы Төрт түлік мал

Скачать

Тақырыбы: Төрт түлік мал
Мақсаты: Төрт түлік малдың шаруашылықпен күнделікті тұрмыс тіршіліктегі маңызын түсіндіру. Олардың төлдері жөніндегі түсініктерін дамытып, үй жануарларын дұрыс айтуға дағдыландыру. Малды құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Балалардың төрт түлік туралы ой - өрісін дамыту, ынта – ықыласын тудыру.
Көрнекілігі: төрт түлік малдың суреттері.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
- Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы Төрт түлік мал . Төрт түлік мал

(суреттермен бірге ілу)
Қазақ халқы, яғни біздің ата – бабаларымыз мал шаруашылығымен айналысқан. Халқымыздың күн көрісі мен тұрмыс тіршілігі төрт түлік малға байланысты. Яғни, жесе – азық, кисе – киім, мінсе – көлік болған. Төрт түлік малдан біз не аламыз? (оқушы жауабын тыңдау).
Түліктің пайдасы
Қане, төрт түлік малдардың төлдерін кім атайды?
1 оқушы:
Шөре - шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секеңдеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың!
2 оқушы:
Ботақаным – бөбегім,
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам, көз тоймайды.
3 оқушы:
Әукім - әукім, әукешім,
Қасиыншы әукесін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
4 оқушы
Құлыншағым – құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.

Ән: Төлдер , хор.
Мұғалім түсіндірмесі:
Қалай ойлайсыңдар, балалар, әр мал өзінің төлін сүйе ме?
Сүйетін болса, әр мал өз төлін қалай жақсы көретінін тыңдап көрелік.

Қой сүйеді баласын
Қоңырым деп,
Еш нәрсені білмеген
Момыным деп.

Сиыр сүйеді баласын
Торпағым деп.
Қараңғыға баспаған
Қорқағым деп.

Түйе сүйеді баласын
Тайлағым деп.
Жабу жапса жарасқан
Жайнағым деп.

Ешкі сүйеді баласын
Лағым деп,
Тастан тасқа секірген
Шұнағым деп.

Жылқы сүйеді баласын
Шұбарым деп.
Жүгіруден жазбаған
Тұлпарым деп.
Ал сендерді мамаларың жақсы көре ме? Қандай сөздер айтады? (оқушы жауабы)

Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным - өзің деп!
Мұғалім:
Төрт түлік малдарды, төлдерді атадық. Ал енді осы малдардың төлдеуіне тоқталып өтелік. Әр малдың төлдегенін қалай атаймыз?
Ән: Әр малдың төлдеуін қалай атайды?
(қазақтың халық әні)
Бие құлындайды,
Қойлар қоздайды.
Ешкі лақтайды,
Түйе боталайды,
Сиыр бұзаулайды,
Төлдер молаяды.
Мұғалім:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күн жылынды, солай ма, балалар?! Енді азғантай уақыттан кейін жазғы демалысқа шығамыз. Жазда қайда барамыз? (оқушы жауабы)
- Ауылда малды көреміз. Оларды бағуға көмектесеміз. Ауылға барғанда малдарды қалай шақырамыз?
Ән: Малды төлін емізуге шақыру
Биені құраулап, Түйені көс-көстеп,
Сиырды ауқаулап, Ешкіні шөрелеп.
Шақырып аламыз, сауамыз, бағамыз! (2 рет)
Түліктің пайдасы
Түйе – байлық
Қой – мырзалық.
Ешкі – жеңілдік,
Жылқы – сәндік,
Сиыр – ақтық.
Ал, енді, балалар, төрт түлік малға байланысты жұм - бақтар шешіп көрейік.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой)
2. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (сиыр)
3. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ.
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)
4. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Екі құлағы бар,
Шегінде сақалы бар. (ешкі)
5. Киелі бір жануар,
Үстінде бір тауы бар. (түйе)

Бүгін тәрбие сағатында не білдік, не туралы айттық? (қорытындылау)


Скачать


zharar.kz