Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары
Типі: Атажұрт интеллектуалдық тарихи – танымдық ойын.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тарих сабағынан ҚР - сы туралы алған білімдері бойынша қайта - лау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
Тәрбиелілік: оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыру.
Әдісі: дәстүрлі емес.
Құралдары, көрнекіліктері: интерактивті тақта, шарлар, ҚР картасы, безендіру құралдары.
Қатысушы: 9 б , 9 в , 9 г класс оқушыларынан құрама Бәйтерек және Дарын топтары.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(интерактивті тақтамен жұмыс)
А) Мұғалімнің сөзі: ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Б) Ойынның кезеңдерімен таныстыру
І кезең: Қанат қақты . Топ басшыларының сайысы. 2 мин ішінде 20 сұраққа жауап беру
ІІ кезең: Самғау . Ұпайы көп топ бастайды, қосымша көмек беріледі. 3 минутта 3 сұрақ беріледі.
ІІІ кезең: Шарықтау . Жанкүйерлер сайысы.
ІҮ кезең: Шырқау . 10, 20, 30 баллдық сұрақтарға жауап беру.
Ү кезең: Жерұйық . Алтын қоржыннан асықтарды алып, сұрақтарға жауап беру керек.
ІІ. Жүргізуші сөзі: Сәлемдесу, топтармен таныстыру.
ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІҮ. Ойынды бастау.
Ү. Қорытындылау: Әділқазылар алқасына сөз беру.
ҮІ. М. Шаханов Төрт ана өлеңі.
ҮІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
ІІ. Жүргізуші сөзі: - Армысыздар, қадірменді оқушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық скезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары тақырыбы аясында өтетін Атажұрт интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі, туған жердің шежіресі өседі. Менің елім Қазақстан – Отаным, болашағы бізбен бірге өседі,- деп ХХІ ғасырдың талантты жастары – екі топтың ойыншыларымен таныстырайық:
І топ – Бәйтерек тобы. Топ басшысы - Сапарова Таңшолпан.
ІІ топ – Дарын тобы. Топ басшысы – Жайлауқызы Айгерім.
ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру
- Қара қылды қақ жарған әдіп бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырайық.
1.
2.
3.
ІҮ. Ойынды бастау
- Ал, іске сәт,- дей отырып, ойынымызды бастаймыз.
І кезең – Қанат қақты деп аталады. Топ басшылары сайысы.
І топ басшысына сұрақтар:
1. Ең қадірлі адам (Ана)
2. А. Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдары (1873 - 1938)
3. А. Құнанбаевтың шын аты. (Ибрахим)
4. Қазақ апталық газетінің редакторын ата. (А. Байтұрсынов).
5. Тұңғыш президентіміз. (Н. Ә. Назарбаев).
6. Бүркітті баптайтын адам. (Бүркітші, құсбегі)
7. Соғыста ерлік көрсеткен адам (Батыр)
8. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)
9. Пайғамбар сөзі қандай мағына береді?. (Алланың жердегі өкілі)
10. ҚР - сы БҰҰ - ға қашан мүше болды?. (1992 - ші жылы)
11. Мұсылманның қасиетті айы, күні, түні. (Рамазан, Жұма, Қыдыр)
12. 37 санының жартысы. (18, 5)
13. Қызылорда облысында қанша аудан бар? (7)
14. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
15. Парламенттің Жоғарғы палатасы (Сенат)
16. Үйдегі ең қасиетті нәрсе не болды? (Ошақ)
17. Қызылорданың бұрынғы атын ата (Ақмешіт, Перовск)
18. Қазақ хандығын құрған кім? (Керей, Жәнібек)
19. Жеті Жарғы қай ханның тұсында жазылды? (Тәуке хан)
20. Ұлы жұт жылдарын ата (1931 - 33 жылдар)
ІІ - топ басшысына берілетін сұрақтар:
1. 1 жылда неше күн бар? (365 күн)
2. Төл тенгеміз қашан айналымға енді? (1993 ж. 15 қараша)
3. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтің туған жері (Алматы обл. Қарасай батыр \ ауд. Шамалған ауылы)
4. Еліміздің тәуелсіздік алған күн (1991 ж. 16 желтоқсан)
6. Парламенттің төменгі палатасы (Мәжіліс)
7. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж. маусым)
8. Қазақ хандығының ХУШ ғ. астанасы (Түркістан)
9. Қызылорда облысның әкімі кім? (Б. Қуандықов)
10. А. Байтұрсынов кім? (Ағартушы, т. б.)
11. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде? (Түркістан)
12. ҚР - да қанша облыс бар? (14)
13. ҚР - ның рәміздерін ата. (Ту, елтаңба, әнұран)
14. ҚР - ның әнұранын ата. (Ш. Қалдаяқов, Нәжімеденов, Назарбаев)
15. Абылай ханның лақап аты. (Сабалақ)
16. Парламент деген не, неше палатадан тұрады? (Заң шығарушы орган, 2 палата) 17. Алматы қаласы бұрын қалай аталған? (Верный)
18. 21 санының жартысы қандай? (10, 5)
19. Жоңғар мемлекетінің билеушісі (қонтайшы)
20. Алжир терминінің мағынасын түсіндір. (Акм. лагерь жен изм - в Родины)
ІІ кезең – Самғау
І топ - Бәйтерек тобына берілетін сұрақтар:
1. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған Алаш партиясының негізін қалаушы, автон - қ қазақ үкіметінде басшысы болған. Бұл тарихи тұлғаны атаңыз?. (Ә. Бөкейханов)
2. 1932 ж. жазылған Бесеудің хаты кімге арналады және авторы кім? (Голощекинге, авт - ры: Ғ. Мүсірепов, Ғатауллин, Даулетқалиев, Қуанышев, Алтынбеков)
3. Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. 1853 ж. оқуды бітііріп корнет офицерлік атағын алып, Б. Сібір г - губ - ң жанынан төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрді. 1856 ж. Ыстықкөлдің топографиялық суретін тусірді. Осы тарихи тұлға кім?. (Ш. Уалиханов)
ІІ топ - Дарын тобына берілетін сұрақтар:
1. 1890 жылы Қызылорда каласында дуниеге келген, Ташкент гимназиясын, Петербург Унив - ң заң фак - н тамамдаған. Ағылшын, француз, орыс, поляк тілдерін меңгерген. 1917 жылы құрылған Түркістан авт - ң М. Тынышбаевтан кейінгі президенті болған. 1941 ж. Түркістан лег - да болған кезінде Берлинде қайтыс болды (М. Шоқай)
2. 1925 - 1926 ж. Ж. Голощекин, менің ойымша, осы жазбада көрсетілген, бірден – бір саясат ,- деп жазған мемлекет басшысы кім. 1937 - 1938 ж. қуғын - сүргінді ұйымд – шы кім?. (И. В. Сталин).
3. 1946 ж. маусым айында КСРО ҒА - ның Қазақ филиал - ң негізінде Қазақ АКСР ҒА -сы құрылды. Акад - ның тұңғыш президенті, Кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымд – шы ғалым кім? (Қ. И. Сатбаев)
ІІІ кезең – Шарықтау
1. Ресейдің отарлау саясатына шек қою, патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату, қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандарының езгісінен азат ету. Бұл адам 1841 ж. бұл адам хандық билікті қалпына келтіріп, хан атанып, феод – қ мемлекет құрды. Бұл көтеріліс кай жылы болды және кім басқарды?. (К. Қасымұлы, 1837 - 1847 ж.)
2. 1979 ж маусымның 16 - сы күні қазақ жастарының бір тобы қала орталығындағы Ленин атындағы алаңға жиналды. Қолдарында Қазақстан бөлінбейді , т. б. жазулары бар транспоранттар болды. Олар республиканың жоғарғы билік органының халықпен санаспай, үй ішінен уй тігуінің ешбір заңға сай еместігі айтылды. Бұл оқиға қай калада болды және оның себебі неде?.(Целиноградта. Неміс автономиясын құру жөнінде)
ІҮ кезең – Шырқау
Бөлімдер
10 балл 20 балл 30 балл
І бөлім: Сандар сөйлейді
1916 ж. 1937 – 1938 ж. 1986 ж.
ІІ бөлім: Адам аттары
А. Байтұрсынов Е. Бекмаханов Қ. Сәтбаев
ІІІ бөлім: Жер – су аттары
Шам Оқыс, Жейхун Фараб
ІҮ бөлім: Терминдермен жұмыс Революция Азамат соғысы Демография
Ү кезең – Жерұйық
1. Парсы патшасы Кирді талқандаған сақтардың әйел патшасы кім?. (Томирис)
2. К. Қасымұлы көтерілісін жазғаны үшін айыпталған тарихшы кім және ол неше жылға бас бостанды5ынан айырылды? (Е. Бекмаханов, 25 жыл)
3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді , деген сөз кімнің сөзі? (Төле би)
4. Кіші жүздегі патша үкіметінің отарлау саясатына карсы ұлт - азаттық күрестің ең ірісі қайсы? (С.Датұлы.)
5. Олар: Қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады , - деп қауіптенеді. Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар ,- деп жазды олар 1916 ж. Мұны жазған кімдер? (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов)
6. 1931 - 1933 ж. республ - ң қанша тұрғыны аштықтан қырылды, қандай атпен тарихқа енді? (6, 2 млн.---- 2, 1 млн. Ұлы жұт )
7. 1916 ж. ұлт - азаттық қозғалыстың басталуына не себеп болды? (1916 ж. шыққан патша Жарлығы)
8. І дүние жүзілік соғысқа барлығы қанша ел, адам қатысты? (38 мемлекет, 74 мың адам қатысты)
9. Ленинградтық өренім! өлеңі кімдікі? (Ж. Жабаев)
10. М. Әуезовті бүкіл әлемге танытқан шығармасы. ( Абай жолы эпопеясы)
Ү. Қорытындылау. Әділ қазылар алқасына сөз беру.
- Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары атты қайталауға арналған Атажұрт интеллектуалдық тарихи - танымдық ойынымызды қорытындылаймыз. Топтардың ұпай сандарын есептеп шығарып, атап айтамыз. Ерекше жауап берген оқушыларды атайық.
ҮІ. М. Шаханов Төрт ана өлеңі. Сейдалиева Маржан. 9 б класс оқушысы
ҮІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Қазақ елі туралы білмеген жер шарының түкпір - тукпірі тек тәуелсіздігін алған соң ғана танып білуде. Тәуелсіздіктің тірегі білім. Дана халқымыз: Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады ,- деп баяғыда айтқан. Қиялына қанат біткен ойы ұшқыр, білімді жастар болатындарыңа сенемін.
Өткенім бар, өкініш жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгілейік,
Орындалсын аңсаған асыл арман, - дей отырып, елбасымыздың Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда ,- деген аталық сезімін ақтай біліңіздер демекпін. – Тыңдағандарыңызға рахмет
Қызылорда қаласы,
№ 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Батракова Лаура Майдановна