Шеберлік сынып
Тақырыбы Жаңа білімге заманауи көзқарас
Мақсаты:
Әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс - тәсілдерге көзқарастарын көру.
деңгейлік курс бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, мастер - кластар жүргізу.
Мұғалім іс - әрекеті Әріптестердің іс - әрекеті
І. Кіріспе немесе жұмысқа бейімдеу, танысу бөлімі:
1 Кіріспе сөз. Тақырыппен таныстыру
2 Мұғалім не үшін өзгеру керек? – ой салу, әріптестердің жауабын күту. Сұраққа толық - қанды жауап беру.
3 Мұғалімдер неліктен өзгеру керек үлестірме қағаз тарату Мұғалімнің берген үлестірме парағымен өз ойларын салыстыру
4 Әлем өзгереді - біз де өзгереміз бейнематериал көрсету Бейнематериал бойынша негізгі ойды түйіп алу
5 ІІ. Теориялық бөлім:
бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру. Бағдарламаның идеяларын талдау, білімге деген көзқарасты өзгерту керектігін, заман талаптарының күшеюі туралы ой қозғау, талдау.
6 ІІІ. Практикалық бөлім:
Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру. Менде бір ой бар... әдісі
7 Топ ережесін айқындау Бірлесе отырып топ ережелерін анықтау, белгілеу.
8. Топтың атына сәйкес ұранын анықтау. Оқушылар тобының ұраны: білімді оқушы - мұғалімнің нәтижесі, санасыз оқушы - мұғалімнің еңбегінің бекершілігі
Мұғалімдер тобы: мұғалім мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау механизмі
Ата - аналар тобы: баланың адамшылығы ата - ана тәрбиесінен басталады
Мектеп тобы: Мектеп - кеме, білім - теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай
9 Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру Мінсіз... (мінсіз оқушы, ата - ана, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету Флипчартта мінсіз бейнесін кескіндеу, қорғау.
10. Қорытындылау: Сухомлинский сөзі: “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады” Қорытынды ой: әріптестердің сөзі
11 ІҮ. Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру Стикерлерді толтырып, тақтада тұрған тілектер мен ұсыныстар кітабына жабыстырады.
12 Қосымша материалдар Бейнефильм Әлем өзгереді, біз де өзгереміз , топқа бөлу парақтары, тілектер мен ұсыныстар кітабы.