Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы
Мұғалімі: Фазылова Арай Есенгелдіқызы
Тақырыбы: Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту. Көлдерді шаруашылыққа пайдалану туралы түсінік беру. Көл суларын қорғау, оның келешек үшін маңызы бар екенін оқушыларға кеңінен түсіндіру. Каспий теңізіне сипаттама беру. Каспий балық кәсіпшілігінің халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру. Каспий теңізінің экологиясы. Көл суларын қорғау оның келешек үшін маңызы зор екенін оқушыларға түсіндіру, экологиялық тәрбие беру. Арал теңізі және оның алабына жататын өзендермен таныстыру. Арал теңізі бұрын қандай еді, қазір қандай? Балқаш көлі және оған құятын өзендермен таныстыру. Балқаштың табиғат байлықтарына сипаттама беру.
Дамытушылық: Қазақстан аумағындағы көлдердің таралуын физикалық, тектоникалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып интернетпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайларына тоқталу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, атлас