Құрметті ойыншықтар патшасы, сен оларды бізге қайтып оралуға көмектесші

Скачать

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Таным. Қатынас. Шығармашылық.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Пән аралық байланыс: ҚМҰҚ, тіл дамыту, мүсіндеу.
Тақырыбы: Ойыншықтармен не болды?
Мақсаты: Балардың мінез - құлқында қарапайым әдеп ережелерін (ойыншықтармен бөлісу, оларды сындырмауын) бекіту. Қол саусақ икемділігін дамыту. Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет ете білуге баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қол шеберлігімен жасалған дамыту ойыншықтар (сылдырмақтар, пирамидалар, Суреттердің негізің қалау ойынның құралдары), түрлі түсті ермексаз кесектері, тақтайша, ермексаз кесуге арналған таяқшалар, матадан жасалған сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: сылдырмақ.
Билингвалды компонент: ойыншық – игрушка – toy.
Іс - әрекет
кезеңдері Педагогтің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті Ескерту
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері Сәлем, алтын күн .

Балалардың назарын ойыншықтар тұрған жиһазға аударады.
- Балалар, қараңдаршы, сендер нені байқадыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар, барлық ойыншықтар қайда кеткен?
- Мен де солай ойлаймын, олар барлықтары бізден кетіп қалды. Неге кетіп қалды, өз ойларыңды айтыңдаршы?
- Иә, балалар, олар бізге өкпелеп қалды. Енді не істейміз? Қайтып оларды қайтарамыз?
- А - а - а, мен білем бізге кім көмектеме алатының. Ол – ойыншықтар патшасы. Оны бізге көмектесуге шақырайын. Кәне, оған мен шұғыл телефон соғайын. (Телефонмен сөйлеседі). Шаттық шеңберің жасайды.
Жиһазға назарың аударады.
- Ойыншықтар жоқ.
- Олар кетіп қалды.
- Өйткені, біз оларды жерге лақтырамыз, сындырамыз.
Ойланады.
Мұқият тыңдайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік Ойыншықтар патшасы келеді. Балалармен амандасады.
О. П.: Не болып қалды, неге сендер мені шақырдыңдар?
- Иә, мен оларды менің патшалығымда көрдім. Олар сендерге қатты ренжіп қалыпты. Енді сендерге қайтып оралмаймыз дейді.
- Құрметті ойыншықтар патшасы, сен оларды бізге қайтып оралуға көмектесші. Біз оларды ешқашан да сындырмаймыз, жерге лақтырмаймыз, біз оларды күтіп аялап ұстаймыз.
- Мен сендерге ойыншықтарды оңаймен қайтармаймын. Ал егерде менің үш тапсырмамды орындасаңдар, сонда ғана олар сендерге қайтып келеді.
Билингвалды компонент: ойыншық – игрушка - toy
1 тапсырма Суреттердің негізің қалау : Балаларға карточкалар таратылады. Олар сүреттердің негізің қалап, қақпақтармен жауып қою керек.
Сергіту сәті: Сылдырмақ
Сылдыр - сылдыр сылдырмақ,
Шақырады сылдырлап.
Қарайды қуыршақ,
Қарайды құлыншақ.
Үйдің ішін аралап,
Добым кетті домалап,
Қарайды қуыршақ,
Қарайды құлыншақ.
2 тапсырма Пирамидкаларды құрастыр : Балаларға әр өлшемдегі геометриялық пішіндер үлестіріледі. Олар пішіндерден пирамида құрастыру керек.
Жеке жұмыс:
- Бұл қандай пішін?
- Ол қандай түсті?
- Үлкен төртбұрышты көрсетші? т. б.
3 тапсырма: Моншағымды тап : Балаларың алдына әр түсті күріш салынған ыдыс үлестіріледі. Олар күріштің ішіндегі әр түсті макарон өнімдерің тауып, бауға тізулері керек.
- Құрметті ойыншықтар патшасы, біз сенің тапсырмаларыңды орындадық қой. Енді сен біздің ойыншықтарымызды қайтаршы.
О. П.: - Жоқ, қайтармаймын.
- Балалар ойыншықтар патшасының жүрегің жылыту үшін, оған біз дәмді печенье істеп берейік.
Балаларды мүсіндеу үстеліне шақырады.
Бала, бала, балақан қол гимнастикасын өткізеді.
Оларға печенье жасайтын тәсілдерін көрсете отырып, тыйым сөздерді естеріне түсіреді: мүсіндеуге арналған нанды аузына салуға болмайды, себебі оның ішінде зиянды құралдар бар. Мүсіндеу жасаған кейін қолдарын сүртуге естеріне салады. Ойыншық патшасымен амандасады.
- Біздің ойыншықтарымыз бізден қашып кетті.
Мұқият тыңдайды.
Келіседі.
Карточкаға қарап, жамауларды табады да, қақпақтармен жабады.
Өлең жолдарына
сәйкес қимылдар жасайды.
Геометриялық пішіндерден пирамида құрастырады.
- Ол төртбұрыш.
- Көк түсті.
Көрсетеді.
Ыдыстан макарон өнімдерің тауып алып, олардан моншақ жасайды.
Мұқият тыңдайды.
Келіседі.
Саусақ гимнастикасын орындайды.
Тәрбиешінің үлгісіне қарап, печенье жасайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Ойыншықтар патшасы балаларға ризашылығын білдіреді.
- Балалар, сендер бүгін өте тәртіпті болдыңдар, менің тапсырмаларымды да белсенді орындадыңдар. Сол үшін мен қазір сендерді өз патшылығыма апарамын. Сонда сендерді ойыншықтарың тосып тұр. Өздері жасаған әдемі печеньеге қарап, балалардың көңіл күйлері көтеріледі.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықтардың көлемі, түсі, материалы жағынан алуан түрлі болатынын, ойыншықтарға зер салып, әрекет ету жолдарын.
Игереді: ойыншық түрлері, олардың жасалу жолдарың әңгімелеуді.
Меңгереді: өздеріне ұнаған ойыншықтарды зерттеу арқылы зерттеу жүргізудің қарапайым тәсілін; ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарауды; достарымен ойыншықтарды бөлісіп ойнауды.


Скачать


zharar.kz