Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
МКҚК Салтанат бөбекжай - бақшасының
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Мейрбекова Назипа Жайлыбайқызы
Білім беру салалары: Денсаулық , Қатынас , Таным , Шығармашылық , Әлеуметтік орта
Оқу іс - әрекет түрі: Кіріктірілген ашық оқу іс - әрекеті
Бөлімі: тіл дамыту, қоршаған орта, математика, экология, сурет, жапсыру, ағылшын тілі.
Тақырыбы: Қызықты ғарыш әлемі , The world of interesting space
Мақсаты:
• білімділік: Ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, әр түрлі тапсырмалар бере отырып жыл бойына алған білімдерін қорытындылау;
• дамытушылық: сөздерді қазақ және ағылшын тілінде айтқызу арқылы балалардың тілін дамыту, сөздік қорын пысықтап, зейінін арттыру;
• тәрбиелік: тапсырмаларды бірлесе орындап, топтық жұмыс жасау арқылы достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Лексикалық бірлік: ғарыш - space, ғаламшар - planet, ғарышкер - astronaut, rocket - зымыран, space shuttle - ғарыш кемесі, жер - the Earth, күн - the Sun.
Көрнекіліктер: суреттер, плакаттар, слайд, бейнеролик, макет, әуе шарлары.
Құралдар: ноутбук, проектор, магнитті тақта.
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, іздену, талдау, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Сәлемдесу. Шаттық шеңбері.
Тәрбиеші:
- Өлең жолдары кім туралы болды?
- Ғарышкер деп кімді айтамыз?
Ағылшын мұғалімі:
- Балалар, ғарышкер сөзін ағылшын тілінде astronaut - деп айтамыз.
- Одан басқа қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
- What kind of professions do you know? Please, name them.
(мамандықтар туралы слайд)
- What do you want to be?
- Сен кім болғың келеді?
Тәрбиеші:
- Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?
(ғарышкерлер туралы слайд)
- Қандай қазақ ғарышкерлерін білесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар!
- Сендер ғарышкер болғыларың келе ме?