Қазақ атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

Скачать

Қазақ атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы.
Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қазақ халқы этногенезі, этносаяси аумақтық тұтастығы туралы және қазақ жүздерінің шығу, қазақ халқының этностық құрамы мен бұлардың қандай оқиғалармен байланыстылығы туралы оқушыларға толық түсінік беру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білумен қатар, құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, Қазақстанның саяси-экономикалық картасы, тест, кесте.
Пәнаралық байланыс: География.
Сабақтың түрі: іздену.
Сабақтың әдісі: Электронды оқулықпен жұмыс, ауызша баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тест тапсырмасы.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасына шолу.
III. Сабақтың барысы:
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын! - деп С.Торайғыров атамыз айтқан екен.

Қазақ атауының шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегінде түрлі пікірлер XVII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.
Бүгінгі таңда қазақ этимологиясының 20-дан астам түсіндірмелері бар.
Мысалы: қазақ деген сөз қаз және сақ деген сөздерден шыққан. Бұл қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат - дейді немесе қазақ атауы қас (хас) – нағыз және сақ - көне замандағы сақтар атауынан құралған және хас-сақ - нағыз және сақ - көне замандағы сақтар атауынан құралған және әхас-сақә - нағыз сақ деген ұғымды білдіреді.
Қазақтар термині XV ғ. 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп шығып жеке дербес тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп қазақ термині этностық мәнге ие болған.

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы,
Талшық селосы, Бестерек орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісінің меңгерушісі
Ақтаева Б.А.


Скачать


zharar.kz