Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу.
Мақсаты:
Білімділік: Сызбаларды пайдалану арқылы үшбұрыштың және тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу және олардың периметрін табу; екі амалмен шығарылатын есепті (сонша, қосындыны не қалдықты табу) шығаруды пысықтау; екі таңбалы сандарды оқу және жазу.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Мейірімділікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, қима қағаздармен жұмыс.
Көрнекілігі: қима қағаздар, геометриялық фигуралар.
Өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушы назарын сабаққа аудару.
ә) сабақтың мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Білімді жан - жақты сұрау.
1. Өткен сабақтарды еске түсіре отырып, күн көзіндегі сөзді табу. Өткен сабақтардан не үйрендім?
- Көпбұрыштың периметрін табуды үйрендік.
Периметр дегеніміз не?
- Фигураның барлық қабырғасының қосындысы.
ІІІ. Жаңа материалды меңгеруге дайындық. Жаңа сабақты түсіндіру.
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үшбұрыш, төртбұрыш, шаршының периметрін табу.
№1.
Кесіндінің ұзындығын есептеп шығар.
ә)3 см 2см Р∆ =? 3 см + 2 см + 4 см = 9 см
4 см
№2
Р = 2см + 2см + 3см + 3см = 10см
Р □ = 1см + 1см + 1см + 1см = 4 см
Р ◊ = 2 см + 3 см + 4 см + 1 см = 10 см
IV. Сергіту сәті.
Күлші қане достым
Күлші қане достым
Бүгінгі күн міне,
Жақсылыққа толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең 5 - тік болсын.
№3.
Қызыл қарындаш - 20теңге
Қалам -? 60 теңге қымбат?
Жай қарындаш - сонша
Ш: 20 + (20 + 60) + 20 = 120 теңге
Ж: барлығы 120 теңге.
№ 4.
5м 8дм - 6дм = 5м 2дм = 52дм
57см + 20см = 77см = 7дм 7см
4дм 2см + 6см = 4дм 8см = 48см
95см - 50см = 45 см = 4дм 5см
№ 5
85, 80, 8, 50, 80 - 50 = 30 16, 22.
5, 55, 58, 5, 8 - 3 = 5
50, 55
V. Жаңа материалды бекіту.
Фигуралардан адам бейнесін құрастыру
Әр фигуралардың түрлерін ажыратып беру.
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
VI. Қорыту